Page 102 - index
P. 102

Осы белгілер қалай тұқым қуалайды? Ата-аналық өсімдіктердің
Ғ1 ұрпақтың генотиптерін және өсімдік анализатордың фенотипін
анықтаңдар.

    4-есеп. Ақ гүлді бұршақ өсімдігін, қара қошқыл гүлді бұршақ
өсімдігімен будандастырғанда, ұрпағында 109 ақ гүлді және 67 қара
қошқыл гүлді өсімдіктер алынған. Аталық және аналық өсімдіктер-
дің генотипін анықтаңдар, будандастыру нәтижесін түсіндіріңдер.

    5-есеп. Ақ беде өсімдігінің ішінде цианиді көп және аз болатын
түрлері кездеседі. Цианиді көп түрі, цианиді көп түріне қарағанда
доминантты қасиет көрсетеді, яғни моногенді тұқым қуалайды, се-
бебі бір аллель жұбы анықтайды. Құрамында цианиді аз екі бедені
өзара будандастырған кезде, Ғ1 буданында цианид көп болады да, Ғ2
кезінде ол белгі ажырайды – өсімдіктердің 9/16 бөлігінде цианиді
көп, 7/16 бөлігінде аз болады. Аталық, аналық және ұрпақ өсімдік-
тердің генотипін анықтаңдар?

    6-есеп. Үй қоянының жүнінің түсі көгілдір, қара және ақ болады.
Көгілдір түсті үй қояндарын ақ түстілерімен шағылыстырғанда Ғ1
будандарының бәрі қара болады. Бірінші ұрпақ буданын бір-бірімен
шағылыстырғанда Ғ2 ұрпақта белгілер: 9/16 қара түсті; 3/16 көгіл-
дір түсті; 4/16 ақ түсті қатынаста ажырайды. Аталық, аналық және
ұрпақ қояндарының генотипін табыңдар.

    7-есеп. Көгілдір түсті тотықұсты сары түсті тотықұспен шағы-
лыстырғанда Ғ1 будандарының бәрі жасыл түсті болды. Ғ2 кезінде
белгілер 4 фенотиптік класқа ажырайды: 9 жасыл түсті: 3 көгілдір:
3 сары : 1 ақ. Ата-аналық құстардың ұрпақтарының генотипін
анықтаңдар.

    8-есеп. Қара қошқыл гүлді жоңышқа өсімдігін сары гүлді өсім-
дікпен будандастырғанда бірінші ұрпақта барлық өсімдіктердің гү-
лі жасыл болған. Ғ1-дегі будандарды өздігінен тозаңдандырғанда
белгілер: 890 жасыл гүлді; 311 қара қошқыл гүлді; 306 сары гүлді;
105 ақ гүлді қатынаста ажыраған. Ата-ананың және ұрпақтың гено-
типін анықтаңдар.

           102

⇐ МАЗМҰНЫ
   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107