Page 104 - index
P. 104

Эпистаз екі типке бөлінеді: доминантты және рецессивті. Мы-

салы, жуаның бояусыз жуашықты екі түрін будандастыру нәти-

жесінде алынған буданның жуашығы да бояусыз болады. Бірінші

ұрпақтың буданын бір-бірімен тозаңдандырғанда, екінші ұрпақта 13
                                   3                               16
боялмаған  жуашығы  бар  өсімдік,  16  боялған  өсімдік  алынады.

Доминантты эпистаз кезінде белгілердің фенотип бойынша ажы-

рауы 12:3:1 қатынасына тең. Мысалы, жылқының терісінің түсі екі

түрлі болып келеді: сұр түсті доминантты С гені бақылайды, ал қара

түсі доминантты В-гені анықтайды. Будандастырғанда ата-аналық

жылқылардың генотипі ССbb (сұр) х ссВВ (қара), ал бірінші ұрпақ

буданының генотипі Ғ1 СсBb болады. Доминантты С гені қара түсті
анықтайтын В генінің көрінуін басып тастайтындықтан, бірінші ұр-

пақ фенотип жағынан сұр болады. Сұр түсті бірінші ұрпақ буданын

бір-бірімен будандастыру (СсBb х СсBb) жүргізгенде, екінші ұрпақта

белгілердің фенотип бойынша ажырауы 12 сұр : 3 қара : 1 жирен түсті

құлындар алынады. Кейбір белгілердің тұқым қуалауы рецессивті

гендердің рецессивті эпистаздың әсерінен жүруі мүмкін. Ондай жағ-

дайда екінші ұрпақта белгілердің ажырауы 9 : 7 немесе 9: 3 : 4 сан

қатынасына дәл келеді.

                      Бақылау сұрақтар және есептер
    1.	Эпистаз деген не?
    2.	Эпистаздың түрлеріне мысал келтір.
    3.	Доминантылық құбылыстың эпистаздан қандай ерешелігі бар.
    4.	Доминантты эпистаз кезінде белгілер қандай сан қатынасын-
да ажырайды. Мысал келтір.
    5.	Рецессивті эпистаз кезінде белгілер қандай сан қатынасында
ажырайды. Мысал келтір.
    6.	Эпистаз құбылысының биологиялық маңызы неде?

    Есептер
    1-есеп. Ақ жемісті асқабақ өсімдігін өзара будандастырғанда
Ғ1-ұрпақтан – 67 өсімдік ақ жемісті 19 сары және 6 жасыл жемісті
өсімдіктер алынған. Алынған нәтижелерді түсіндіріңдер, ата-ана-
лық өсімдіктердің генотипін анықтаңдар. Егер ата-аналық өсімдік-
ті Ғ1-ұрпақта алынған жасыл өсімдікпен будандастырса, қандай
ұрпақ алынады?

                         104

⇐ МАЗМҰНЫ
   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109