Page 99 - index
P. 99

пішінінің дамуына мүмкіндік береді. Бұл гендердің рецессивті ал-
лельдерінің өзара әрекеттесуі жемістің сопақ пішінін анықтайды.

                      Бақылау сұрақтар және есептер
    1. Комплементарлық әсер деген не?
    2. Гендердің комплементарлық әсері кезінде қандай белгілер
түзіледі? Мысалдар келтіріңдер.
    3. Егер F2 ұрпақта белгілердің ажырауы 9:6:1 қатынасында және
9:7 қатынасында болса гендердің комплементарлық әсерін қалай тү-
сіндіруге болады.
    4. Гендердің комплементарлық әсері кезінде белгілер 9:3:3:1 сан
қатынасында ажырайтын болса қанша гаметалар түзіледі.

    1-есеп. Жаңғақ тәрізді айдарлы тауық пен қоразды шағылыс-
тырғанда, 279 жаңғақ тәрізді айдарлы, 115 – бұршақ тәрізді айдарлы,
106 – роза тәрізді айдарлы және 35 – жай айдарлы балапандар
алынған. Алынған нәтижелерді түсіндіріп, тауық пен қораздың гено-
типін анықтаңдар.

    Ғ2 – ұрпақта роза тәрізді айдарлы ұрпақтың қанша бөлігі гомо-
зиготалы

    Берілгені: Тауық айдарының пішінінің тұқым қуалауы.

    Р ♀ бұршақ тәрізді айдарлы Х ♂ роза тәрізді айдарлы
                         ↓

    Ғ1 ♀ х ♂ жаңғақ тәрізді айдарлы
                         ↓

    Ғ2 279 жаңғақ тәрізді
         115 бұршақ тәрізді
         106 роза тәрізді
         35 жай айдарлы
       ───
        535

    Шешуі: 1. Ғ1 – ұрпақтың біркелкі болуы және айдардың көрі-
нуі, олар гомозигота. Белгілер бір жұп белгілердің аллельдерімен
анықталмайды.

    2. Ғ2 – ұрпақта белгілердің ажырауы моногенді типті емес, 4 фе-
нотиптік класс түзіледі. Белгілер екі жұп белгілермен бақыланады:
Бір гаметаның үйлесу мөлшеріне анықтаймыз: 535 : 16 = 33,4. Тәжі-

           99

⇐ МАЗМҰНЫ
   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104