Page 100 - index
P. 100

рибедегі ажырау: 279 : 33,4= 8,4; 115 : 33,4 = 3,5; 106 : 33,4 = 3,0;
35 : 33,4 = 1,0 немесе 9 : 3 : 3 : 1 қатынасында. Х2 – әдісімен (х2 =
4,14 ,р › 0,02) тексергенде 9 : 3 : 3 : 1 қатынасқа сәйкес. Сонымен
белгілер екі геннің комплементарлық әсері арқылы анықталады. А
– В – жаңғақ тәрізді, А – вв бұршақ тәрізді, ааВ – роза тәрізді және
аавв – жай айдарлы. Ажырау сипаты А және В гендерінің тәуелсіз
тұқым қуалауымен көрсетеді.

    Р генотиптері. ААВВ – бұршақ тәрізді, ааВВ – роза тәрізді, Ғ1
ұрпақтың генотипі АаВв.

    3. Генотипі аавв жай айдарлы тауықты генотипі ааВВ роза тә-
різді айдарлы қоразбен шағылыстырғанда балапандарының барлы-
ғы роза тәрізді айдарлы болады.

    Жауабы: 1. Тауықтар айдарының пішіні, тәуелсіз тұқым қуалай-
тын комплементарлық әсері бар екі ген арқылы анықталады. Бел-
гілердің ажырауы 9 : 3 : 3 : 1 қатынасында.

    2. Әтештің генотипі – ааВВ, тауықтікі – ААвв, Ғ1 – ұрпақ бу-
дандарының генотипі – АаВв.

    3. Ғ2 ұрпақта алынған жай айдарлы тауықты аталық қоразбен
шағылыстырғанда, барлық балапандар роза тәрізді айдарлы болады.

    2-есеп. Гүлі күлгін түсті жоңышқа өсімдігін гүлі сары түстісі-
мен будандастырғанда бірінші ұрпақта алынған өсімдіктер гүлінің
түсі жасыл болған. Жасыл гүлді өсімдіктерді өзара тозаңдандырған-
да белгілер екінші ұрпақта ажыраған: 169 жасыл гүлді, 64 күлгін, 67
сары және 17 ақ гүлді болған. Белгілер қалай тұқым қуалайды?

Р ♀ күлгін х ♂ сары
Ғ1 жасыл
Р♀ жасыл х ♂ жасыл
Ғ2 169 жасыл
64 күлгін
67 сары
17 ақ
317

    Шешуі: 1. Бірінші ұрпақта жаңа белгі түзілген.
    2. Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы моногендіге ұқсамайды,
төрт фенотипті класс пайда болған. Яғни, дигенді бір гаметаның
үйлесу мөлшерін табамыз. Екінші ұрпақта алынған өсімдіктердің

                     100

⇐ МАЗМҰНЫ
   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105