Page 98 - index
P. 98

Егер доминантты және рецессивті аллельдер жеке келген фе-
нотиптік көрініс бере алатын болса, Ғ2 ұрпақ белгілерінің ажырауы
басқаша болады, яғни 9:3:4. Мысалы, зығыр (Zinum usitatissimurp)
өсімдігінің А аллелі боялғандығын анықтайды, а боялмағандығын
(ақ түс), В көгілдір, в қызғылт түсін анықтайды. Сонда:

Р ♀ ААвв   Х ♂ ааВВ

қызғылт                 ақ

Ғ1 АаВв
              көгілдір

Ғ2 9 А –В : 3 А – вв : 3 ааВ- : 1 аавв
  көгілдір (9) қызғылт (3) ақ (4)

    Кейбір жағдайда жеке көрініс бере алатын комплементарлы
гендер толықтырушы ген болмай қалған кездің өзінде әрқайсысы
өз алдына жеке келгенде соған ұқсас фенотиптік әсер бере алады.
Бұл жағдайда да ажыраудың сипаты өзгереді. Мысалы, асқабақ
(Cucurbita pepo) жемісінің пішіндері әртүрлі сорттары бар. Олар:
дөңгелек, тегіршік тәрізді және сопақ. Шығу тегі әртүрлі асқабақ
өсімдіктерін будандастырғанда жемісі тегершік тәрізді будандар
алынады. Олардың ажырауының арақатынасы 9 тегіршек тәрізді : 6
дөңгелек : 1 сопақ жемістілер

Р ♀ ААвв   Х ♂ ааВВ
 дөңгелек       дөңгелек

Ғ1 АаВв
              тегіршек тәрізді

Ғ2 9 А -В- : 3 А – вв : 3 ааВ- : 1аавв
   тегіршек(9) дөңгелек сопақ

    Бұл будандастырудан да жемістің пішінін анықтау үшін екі
геннің өзара әрекеттесуін байқау қиын емес. Әрбір доминантты
комплементарлы ген асқабақ жемісінің дөңгелек пішінді болуын
анықтайды, ал олардың өзара әрекеттесуі жемістің тегіршек тәрізді

                                98

⇐ МАЗМҰНЫ
   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103