Page 103 - index
P. 103

9-жұмыс

    Тақырыбы: Эпистаз.
    Мақсаты: Жуаның бояусыз формаларын шағылыстыру кезін-
дегі белгілердің эпистаздық әрекеттерімен танысу.
    Құрал-жабдықтар: жуаның бояусыз жуашық формасы және
жуашығының бояуы бар формасы. Эпистазға арналған өсімдіктердің
және жануарлардың шағылыстыру үлгісінің кестесі.
    Тапсырмалар:
    Жуашығы бояусыз екі пияз өсімдігін шағылыстырылса, Ғ1 будан
өсімдіктерінің түсі бояусыз болса, Ғ2 ұрпақ белгілерінің түсін және
ажырау сипатын шағылыстыру үлгісін жазып көрсетіңдер.
    Сұр түсті биені қара түсті еркек жылқымен (айғырмен) шағы-
лыстырса, Ғ1 ұрпағында алынған құлындардың түсі қандай болады.
Осы ұрпақта алынған жылқыларды өз-өзімен шағылыстырғанда Ғ2
ұрпақта сұр, қара және жирен құлындар алынған. Шағылыстырудың
үлгісін жазып, эпистаздың қай типіне жататынын анықтаңдар.
    Тапсырмаларға түсініктеме:
    Эпистаздық әсер
    Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде бір
ген-нің әсерінен екінші ген тұншығады. Мысалы, А>В және В>А;
а>В немесе в>А, т.б. Осындай құбылыс эпистаз деп аталады.
Тұншықтырушы гендерді супрессор немесе басытқы (ингибитор)
деп атайды. Оны S немесе І әрпімен белгілейді.

           16-сурет. Доминантты эпистас
                            103

⇐ МАЗМҰНЫ
   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108