Page 142 - index
P. 142

Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауына
                  есептер шығару жолдары

    Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауына арналған
есептерді шешудің үлгісі аутосомды моногибридті будандастыру-
дан өзгеше. Егер ген Ү-хромосомада орналасса және тіркескен бол-
са, онда ылғи да ұлына беріліп отырады. Егер ген Х-хромосомада
орналасса, онда ген әкесінен қызына, шешесінен қыздарына және
ұлдарына белгілер теңдей беріледі. Х-хромосомамен тіркескен бел-
гілер доминантты және рецессивті болады. Рецессивті белгілерге
гемофилия, дальтонизм, көз жүйкесінің сенуі және Дюшеннің мио-
патиясы, ал доминантты белгілерге рахит, тіс эмальның қоңырқай
тартуы, т.б.

    1-есеп.
    1. Шешесі сау (ХН ХН) гомозиготалы, әкесі (Х h Ү) гемофилия-
мен ауыратын отбасының ұрпақтары қандай болмақ?
    Некенің үлгісін жазамыз.

Р. ХH ХH х Х h Ү

Г ХН 	     Хh , Ү

Ғ1         ХH Хh  ХН Ү

    Барлық балалары сау, қыздары гемофилия гені бойынша гете-
розигота болғандықтан ауруды тасушы болып есептелінеді

    2-есеп. Әкесі (ХH Ү) сау, шешесі (ХH Хh) гемофилия гені бойын-
ша гетерозиготалы болса, отбасының ұрпақтары қандай болмақ?

    Некенің үлгісін жазамыз.

    Р. Х H Хh х Х H Ү

    Г. ХH Х h       ХH Ү 	

    Ғ1 ХH ХH Х H Ү       ХHХh ХhҮ

    Бұл отбасында екі қыз және екі ұлы бар, ұлдарының жартысы
гемофилиямен ауырса, жартысы сау, гемофилияны анықтайтын ген-
нің ажырауы 1:1 қатынасы немесе 50 : 50 пайыз. Ал қыздарының
біреуі сау, екіншісі ауру тасығыш болып саналады.

                    142

⇐ МАЗМҰНЫ
   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147