Page 143 - index
P. 143

3-есеп. Екі қызыл көзді, ұзын қанатты дрозофила шыбынын өза-
ра шағылыстырғанда ұрпақтары болды:

    аналық: 154 қызыл көзді ұзын қанатты, 48 қызыл көзді жетілме-
ген қанатты.

    аталықтары: 98 қызыл көзді ұзын қанатты, 95 ақ көзді ұзын қа-
натты, 25 қызыл көзді жетілмеген қанат, 32 ақ көз жетілмеген қанат
болады.

    ата-аналық шыбынның және ұрпақтарының генотипін анықтаң-
дар. Белгілер қалай тұқым қуалайды?

    Берілгені: Дрозофила шыбыны көздің түсі және қанатының пі-
шінінің тұқым қуалауы.

    Р ♀ қызыл көз ұзын қанат х ♂ қызыл көз ұзын қанат
                      ↓

    Ғ1

                       ♀♀ ♂♂

Қызыл көз, ұзын қанатты      154 Қызыл көз ұзын қанат  98

Қызыл көз жетілмеген қанат 48 Қызыл көз жетілмеген қанат 25

                             Ақ көз, ұзын қанат        95

                             Ақ көз, жетілмеген қанат  32

                             202 250

    1. Ата-аналық шыбынның және олардың ұрпақтарының гено-
типтері қандай?

    2. Белгілер қалай тұқым қуалайды?
    Шешуі: Әр белгілердің жеке тұқым қуалауын қарастырамыз.
    1. Көздің түсі

               Қызыл көз     ♀♀ 202 ♂♂ 123 ∑ 325
               Ақ көз        ♀♀ - ♂♂ 127 ∑ 127

    Ғ1 ұрпақта белгілер екі фенотиптік класқа ажырайды, қызыл көз-
ді шыбындардың саны артық болып, аталық шыбындардың көзі ақ

болып келеді.

    Ғ1 ұрпақта белгілердің ажырауы ата-аналық шыбындардың ге-
терозиготалы екенін көрсетеді. Бір гаметаның үйлесу мөлшерін

анықтаймыз: 452 : 4 = 2,88; 127 : 113= 1,12 немесе 3 : 1 қатынасы.

Сонда    3  қызыл көз :   1  ақ көз. Х2. (х2 = 2,31 < 3,84; Р < 0,05)
         4                4

қатынастың дәл екенін дәлелдейді. Мұнда гетерогаметалы жыныс

аталық.

                             143

⇐ МАЗМҰНЫ
   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148