Page 145 - index
P. 145

Жыныс хромосомамен тіркес ген, міндетті түрде еркек жыныс-

та көрінеді, себебі бұл белгі бойынша олар гемизиготалы. Еркек-

тердің генотипін белгілеуге болады. Дальтонизммен ауыратын ер-
кектердің генотипі xd y қалыпты көретін еркектің генотипі: x Д y. 

Әйелдердің көздері қалыпты көреді, себебі генотипінде аллель –

Д бар. Әйелдер әр уақытта Х-хромосоманы әкесінен алатын бол-
ғандықтан, оның генотипі гетерозигота, x Д xd ,  ауруды тасығыш болып

есептелінеді. Ата-ананың екеуі де екі типті гамета түзеді.

                Дd        d

           ♀x x х   ♂x y

Гаметалар  Дd            d

           xx            xy

    Дd Д dd                 d

  xx xy xx                 xy
                         ауру
  ауру сау ауру
тасығыш

    Осы некеден көзі қалыпты көретін қыздар өмірге келеді, олар-
дың жартысы ауру тасығыш. Ал өмірге келген ұлдардың жартысы
осы аурумен ауыратын болады.

                     Бақылау сұрақтары мен есептері
    1. Адамда, дрозофила шыбынында жынысты қандай жолмен
анықтайды?
    2. Аутосомдар, жынысты хромосомалар деген не?
    3. Гомогаметалы және гетерогаметалы жынысты қалай түсіне-
сіңдер?
    4. Крисс-кросс тұқым қуалауда белгілер ұрпаққа қалай беріледі?
    5. Әйелдер гемофилия ауруымен ауруы мүмкін бе?

    Есептер:
    Адамда, жылқыда, итте гемофилия ауруын анықтайтын ген h
гені Х-хромосомада орналасқан, ал доминантты Н-гені қанның ұю
қасиетін бақылайды. Егер ерлі-зайыптылардың әйелі ауру ген бо-
йынша гетерозиготалы болса, онда осы отбасында ауру бала тууы-
ның мүмкіндігі қандай болмақ? Ата-анасының генотипі қандай?

                    145

⇐ МАЗМҰНЫ
   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150