Page 173 - index
P. 173

p2 АА + 2рg Аа + g2 аа = 1.  (2)

    Жоғарыдағы формуланың мәнін түсіндірейік. (1) және (2) тең-
деудің оң жағында тұрған бір саны, популяциядағы даралардың
жалпы санын көрсетсе, сол жағындағы аллельдердің жиілігі бір
санының бөліктерімен белгіленеді. Мұнда р және g символдар
А және а гендерінің екі теңдеудегі жиілігін көрсетеді. Екінші
формулада АА генотипі қарастырылып отырған популяцияда р
жиілігімен белгіленсе, аа генотипі g жиілігіне, ал гетерозиготалы
даралар 2рg жиілігіне тең болады. Сонымен, аллельдердің жиілігі
белгілі болған жағдайда, популяциядағы барлық генотиптердің жиі-
лігін анықтауға, керісінше, егер генотиптің жиілігі белгілі болса,
онда аллельдердің жиілігін анықтайды. Осы формуланың көмегі-
мен популяциядағы ауру таситын гетерозиготалы аллельдердің жиі-
лігін есептеп шығаруға болады.

    Мысал келтірейік. Бір қаланың перзентханасында 10 жыл ішін-
де өмірге келген 84000 баланың 210-да рецессивті белгі ауру бар
делік. Оның генотипі – аа болады. Харди-Вайнберг заңы осы мәлі-
меттерді пайдаланып, қалада тұратын адамдар популяциясына ге-
нетикалық анализ жасауға көмектеседі. Популяцияда генотипі аа
ауру баланың саны 210. Ол g2-қа тең. g2 = 210:84000 = 0,0025. Енді
осы санды квадрат түбірден шығарып, g-дің мәнін (ауру бақылайтын
геннің жиілігін) табамыз. g = g2 = 0,0025 = 0,05. Популяцияда
ауру таситын және сау аллельдердің жиілігі бірге тең екенін біле
отырып, сау аллельдің А жиілігін есептеп шығаруға болады. Сонда
gа + pА = 1 немесе pА= 1 – gа. pА= 1 – 0,05= 0, 95. Харди-Вайн-
берг формуласына осы сандарды орнына қойсақ, қалада туылған
балалар популяциясының генотиптерінің жиілігін анықтайды. АА
= p2 = 0,952 = 0,9025 (90,25%); Аа = 2pg = 2 · 0,95 · 0,05 = 0,095
(9,5%); генотиптің жиілігі аа= 2g2= 0,0025 (0,25%) тең. Осыдан
Харди-Вайнберг заңы популяциядағы доминантты гомозиготалы
АА және гетерозиголы Аа аллельдердің фенотипті көрінісі бірдей
болғанымен, олардың жиілігін анықтауға көмектеседі. Мұнда, р –
доминантты аллельдің А жиілігі, g – рецессивті аллельдің а жиілігі,
р2 – АА генотиптің жиілігі, 2 – аа генотиптің жиілігі.

    Сонымен, популяциялық әдіс адам популяциясында қалыпты
және патологиялық гетерозиготалы гендердің, доминантты және ре-
цессивті гомозиготалардың жиілігін есептеп шығаруға мүмкіндік
береді.

           173

⇐ МАЗМҰНЫ
   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177   178