Page 172 - index
P. 172

мағлұматтарды жинау және алынған мәлімметтерді дұрыс матема-
тикалық сараптау қажет. Гендер белгілі бір аймақта таралуына бай-
ланысты категорияларға бөлінеді. Бірінші – көптеген аймақтарда
тараған гендер. Оларға көпшілікке таныс дальтонизм ауруын бақы-
лайтын ген ер адамдардың 7 пайызында, әйелдердің 0,5 пайызында
көрінсе, бұл ген гетерозигота күйінде әйелдердің 13 пайызында
болады. Ал амавротикалық идиотия ауруын (нерв жүйесінің, ми-
шықтың және бас миының үлкен жарты шарларының өзгеруі)
бақылайтын ген рецессивті күйінде Еуропа халқының 1 пайызға
жуығында кездеседі. Екінші тек белгілі бір ғана аймақта кездесетін
гендер. Мысал ретінде, Орта теңіз және Африка елдерінде таралған
орақ тәрізді клеткалық анемия ауруын бақылайтын ген, туа болатын
жамбас сүйегінің шығуына жауапты ген солтүстік шығыс аймағын
мекендейтін халықтар арасында көп тараған.

    Популяцияның генетикалық құрамын анықтау үшін, ондағы ал-
лельдер мен генотиптің (гомозигота, гетерозигота) типін таситын
даралардың санын білу қажет. Осы мақсатта 1908 жылы ағылшын
математигі Г. Харди және немістің дәрігер-генетигі В. Вайнберг
бір-бірінен байланыссыз “таза популяцияда” гендердің және гено-
типтердің таралу жиілігін анықтады. Олар болашақ ұрпақ популя-
циясының генетикалық құрамы қандай болатынына есептеулер
жүргізіп генетикалық тепе-теңдік заңын ашты. “Таза популяция” деп
сан жағынан өте үлкен, еркін будандаса алатын, сыртқы орта фак-
торлары (мутация, сұрыптау, оқшаулану, миграция, т.б.) әсер етпей-
тін популяцияны айтады.

    Харди-Вайнберг заңы “Даралар еркін будандаса алатын үлкен
таза популяцияларда доминантты және рецессивті аллельдердің, ге-
нотиптердің сандық жиілігі” ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз тұрақты
беріліп отыратынын көрсетеді. Егер популяцияның генофондысы
мысал ретінде, А және а гендердің жұп аллельдерінен тұрса, онда А
геннің популяцияда көріну жиілігі – р тең, ал а геннің жиілігі – g тең,
сонда популяциядағы осы екі аллельдің арақатынасы:

           рА + gа = 1  (1)

формуласына сәйкес келеді.
    Осы формуланың екі бөлігін квадраттасақ (рА +gа)2= 1, енді

жақшаны алгебралық жолмен ашатын болсақ, біз генотиптердің
жиілігін көрстетін формула аламыз:

           172

⇐ МАЗМҰНЫ
   167   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177