Page 191 - index
P. 191

1236789
    _____ __ ______
    ______ 3 4 5 ______

    12 6789

    1-есеп. Адам сперматозоидінің бірінде жетіспеушілік бар. Осы
хромосоманы алған адам ауру болады. Осы адамның ұрпақтары
қандай болып тууы мүмкін?

    2-есеп. Даун синдромымен ауыратын баланың хромосома
жиынтығы 47 болудың орнына 46 болған. Цитогенетикалық зерт-
теулер нәтижесінде оның 15-ші хромосомасы қалыпты түрінен ұзы-
нырақ болған. Ауру баланың шешесінің, оның шешесінің де 45 хро-
мосома жиынтығында 15-хромосома ұзын екені анықталған. Осы
отбасындағы құбылысты қалай түсіндіруге болады?

    3-есеп. Егер адамның зиготасында 21-ші хромосома артық
болса, одан Даун синдромымен ауыратын бала дүниеге келеді. Ал
сол хромосома жетіспесе, бала ерте даму кезінде өледі. Егер 45
хромосома жиынтығы бар, 21-хромосомасы мен 15-хромосомасы
транслокацияға ұшыраған әйел, күйеуі қалыпты болған жағдайда
қандай зиготалар түзіледі?

           191

⇐ МАЗМҰНЫ
   186   187   188   189   190   191   192   193   194   195   196