Page 193 - index
P. 193

жазылған. Азотты негіздер пириминді және пуринді болып екі топқа
бөлінеді. Пуриндерге аденин (А) және гуанин (Г), ал пириминдерге:
цитозин (Ц) және тимин (Т) немесе урацил (У) жатады. Нуклеин
қышқылдарын зерттеуде көп үлес қосқан ғалымдар неміс химигі
А. Кессель және америкалық биохимик А.Левин болды. А. Кессель
нуклеин қышқылының құрамына төрт азоты бар зат (азотты негіз-
дер деп атаған) кіретінін анықтаған. А. Левин нуклеин құрамында
азотты негізден басқа фосфор қышқылына қосымша қант дезо-
ксирибоза – «оттексіз рибозо» болатынын тапты.

    Дезоксирибонуклеин қышқылы деген ат осыдан шыққан. Нук-
леин қышқылдарының құрамына көміртек, сутек, оттек, азот және
фосфор кіреді. Осымен қатар нуклеин қышқылдарының тізбегі мил-
лиондаған нуклео-тидтерден, ал бір нуклеотид үш қосылыстан:
азотты негіздер, бескөміртекті қант (пентоза) және фосфатты топтан
тұрады. Азотты негіз бен қанттан тұратын молекуланы нуклеозид
десе, азот негізі қанттан және фосфат қалдығынан тұратын моле-
куланы нуклеотид дейді. ДНҚ молекуласы белгілі бір ретпен бай-
ланысқан мыңдаған нуклеотидтерден тұрады. Әр түрге жататын
жануарлардың, өсімдіктердің, бактериялардың ДНҚ нуклеотидінің
құрамы тек сол түрге тән және ол өзгермейді. Нәруыздар орга-
низмдегі барлық басты функцияларды жүзеге асырады. Нуклеин
қышқылдарының: дезоксирибоза нуклеин ДНҚ және рибонуклеин
қышқылы РНҚ сияқты екі түрі болады.

    Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ). ДНҚ молекуласы
бір-бірімен кезектесіп тізілген дезоксирибоза қанты мен фосфор
қышқылы қалдықтары бар (қос орамды) екі полимерлі жіпше. По-
лимерлік жіпшенің әрбір қант қалдықтарына түзу бұрыш бойында
азоттық негіздердің біреуі: аденин (А) немесе тимин (Т), цитозин (Ц)
немесе гуанин (Г) байланысады. Екі полимерлік жіпше өзара бір-
бірімен бір жіпшедегі аденин мен қарама-қарсы жіпшедегі тимин
арасында екі сутектік байланыстың түзілуі арқылы байланысады.
Азоттық негіздермен бірге сутектік байланыстар оралымдар және
оралымды сатылар түзеді.

    ДНҚ молекуласы нәруыздар туралы ақпаратты сақтау және жү-
зеге асыру қызметін атқарады. Сондықтан да молекуласының бір
полипептидтік тізбегі жайлы ақпарттар жазылған ДНҚ бөліктері ген
немесе цистрон деп аталады.

    Америкалық биохимик Чаргаффтың айтуынша: ДНҚ-дағы А
саны Т санына тең, ал Г саны Ц санына тең. Бұл құбылысты Чар-

           193

⇐ МАЗМҰНЫ
   188   189   190   191   192   193   194   195   196   197   198