Page 192 - index
P. 192

Семинар сабақ
                                     16-жұмыс

    Тақырыбы: Молекулярлық генетикаға арналған есептерді
шығару жолдары.

    Мақсаты: Студенттерге нуклеин қышқылдарының құрылысы,
қызметі және нәруыз синтезі туралы білімдерін тереңдету мақса-
тында беріледі.

    Құрал-жабдықтар: ДНҚ, РНҚ құрылысына арналған кестелер,
модельдер, суреттер, т.б. көрнекі құралдар.

    Тапсырмалар:
    1. ДНҚ және РНҚ құрылысына және синтезіне арналған есеп-
терді шығару.
    2. Нәруыздың синтезіне арналған есептерді шығару.
    Тапсырмаларға түсініктеме:
    ХХ ғасырда жаратылыстану ғылымдары саласында ең ірі жа-
ңалық ашылды. Ол – 1953 жылы Джеймс Уотсон, Френсис Крик және
Розалин Франклин сияқты американ және ағылшын ғалымдары-
ның ДНҚ молекуласының құрылысын ашуы еді. Осы жаңалық
негізінде тұқым қуалаушылықтың сыры ашылды. Бұл зерттеуге
сәйкес ген дегеніміз – белгілі бір нәруыздар синтезі арқылы ДНҚ
молекуласында жазылған генетикалық ақпараттардың үнемі жүзеге
асырылып отыруы. Бұған мысал ретінде көбелектің дамуын айтуға
болады. Алдымен жұмыртқалар пайда болып, одан дернәсіл шығады,
кейін олар қуыршаққа айналып, одан көбелектер ұшып шығады.
Яғни көбелек тіршілігінің түрлі кезеңінде әртүрлі нәруыздар жүйесі
қызмет атқарады.
    Сондықтан қышқылдар мен нәруыздар тіршіліктің маңызды био-
полимерлеріне жатады.
    Нуклеин қышқылдары. ХХ ғасырдың 40-жылдарында гендер
құрылымының молекулалық негізі нуклеин қышқылдары екені
белгілі болды. Нуклеин қышқылдарын 1868 жылы швейцарлық
биохимик Ф. Мишер ашқан. Ол албырттың (лосось) сперматозоид
жасушасы ядросынан құрамында азот пен фосфоры жоғары мөл-
шерде болатын дақты алып, оны «нуклеин» деп атады. Нуклеин
қышқылы латынша «нуклеус» – ядро деген мағынаны білдіреді. Қазір
оны дезоксирибозануклеин қышқылы (ДНҚ) деп атайды. Нуклеин
қышқылдары генетикалық ақпаратты сақтау қызметін атқарады. Ал
генетикалық ақпарат нуклеин қышқылдарындағы азоттық негіздерде

           192

⇐ МАЗМҰНЫ
   187   188   189   190   191   192   193   194   195   196   197