Page 26 - index
P. 26

І анафаза. Мейоздың І анафаза кезеңінде биваленттердегі гомо-
логтік хромосомалар арасындағы байланыс әлсіреп, олар бір-бірі-
нен ажырай отырып, бөліну ұршығының әртүрлі полюстеріне ба-
ғытталады. Бұл кезде әрбір полюске 2 жаңа хроматидадан тұратын
гаплоидті хромосома жиынтығы бағытталады.

    І телофаза. Мейоздың І телофаза кезеңінде бөліну ұршығының
полюсіне дара, гаплоидті хромосома жиынтығы (23) жиналады.

    Бір диплоидті жасушадан формуласы n2с-ке тең екі гаплоидті
жасуша түзіледі. Бұл жаңа жасушалар бір-бірінен гендер жиынты-
ғымен, ал аналық жасушадан гендердің орын ауыстыруымен және
хромосома санымен ажыратылады. Бұл кезеңде хромосомалардың
жіпшесі тарқатылып, ядролық мембрана түзіліп, жасушада екі ядро
пайда болады. Осымен кариогенез – ядроның бөлінуі аяқталып,
цитокинез – жасушаның бөлінуі жүреді.

    Сонымен, мейоздың бірінші редукциялық бөлінуінде жаңа пай-
да болған сіңлілі жасушаларда хромосоманың саны екі есе кемиді
және гендік материалдың рекомбинациясы жүреді. Гендердің жаңа
комбинациялары пайда болады. Мұндай бөліну кезінде аналық екі
жіпшелі хромосомалар ажырай отырып, бір жіпшелі жаңа ұрпақ
түзеді (5 ә-сурет).

    ІІ. Екінші мейоздық бөліну. Екінші мейоздық бөлінудің ІІ про-
фаза кезеңінде хромосомалар ширатылады, ядроның мембранасы
жоғалады, әр жасушада ұршық жіпшелері түзіледі. Жасушаның
формуласы – n2с-ке тең.

    ІІ метафаза. Бұл кезеңде хромосомалар жасушаның экваторы-
на жиналады. Хромосомалардың центромерасы экватордың үстін-
де, ал хроматидалардың иықтары жасушаның полюсіне бағытталып
орналасады. Жасушаның формуласы өзгермейді – n2с-ке тең.

    ІІ анафаза. Хромосомалардың центромерасы бөлінеді, хрома-
тидалары ажырайды, полюске ұқсас емес хромосомалардың хро-
матидаларының кездейсоқ комбинациясы пайда болады. Сонымен
қатар аллельді емес гендердің жаңа комбинациясының түзілуіне
әкеледі. Бұл жасушалардың формуласы – n2с.

    ІІ телофаза. Хромосомалардың жіпшелері тарқатылады, яд-
ро аралық мембрана түзіледі, жасушалар бөлінеді. Мейоздық бө-
лінудің нәтижесінде 4 жасуша (микроспор тетрадасы немесе мак-
роспора тетрадасы) түзіледі. Осы жасушалардың ядросында хро-
мосомалардың саны гаплоидты болып, рекомбинация үрдісінің ар-
қасында гендердің жаңа үйлесуі жүреді.

           26

⇐ МАЗМҰНЫ
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31