Page 27 - index
P. 27

5 ә-сурет

    Жыныс жасушаларының дамуы
    Гаметогенез – жыныс жасушаларының түзілу үдерісі. Жыныс
жасушаларының барлығын гамета деп атайды. Жыныс жасушала-
ры гаплоидты хромосома жиынтығынан тұрады. Аналық жұмыртқа
жасушасының түзілуі овогенез, ал аталық жыныс жасушаларының
түзілуі сперматогенез деп аталады.
    Гаметалар түзілетін диплоидты жасушаларды сперматогония-
лар және овогониялар деп атайды. Көбею кезеңінде жасушалар
митоздық бөліну реттілігін жүзеге асырады, нәтижесінде олардың
саны айтарлықтай өседі. Сперматогониялар бүкіл жыныстық есею
кезеңі бойы көбейеді. Овогонийдің көбеюі эмбриондық даму кезе-
ңінен басталады. Аналық организмде бұл үдеріс жатырішілік да-
мудың үшінші, жетінші айларында аналық безде аса қарқынды
жүреді және 3 жылдан соң тіршілігін тоқтатады. Жыныстық есею-
ден кейін жұмыртқа жасушаларының толық пісіп-жетілуі белгілі
бір гармондардың әсерінен айына бір рет қана жүреді.
    Өсу кезеңінде жасушалардың көлемі ұлғаяды және аталық пен
аналық жыныс жасушалары 1-реттік сперматоциттер мен овоцит-
терге айналады. Сперматоциттерге қарағанда овоциттердің көлемі
үлкен болады. Жинақталған заттардың бір бөлігі, қоректік материал
ретінде овоциттердегі сары уыз болса, екінші бір бөлігі келесі бір
бөлінулерге қатысады. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі – хромосома
саны өзгермей сақталған ДНҚ редупликациясы болып табылады.

           27

⇐ МАЗМҰНЫ
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32