Page 25 - index
P. 25

5 а-сурет. I Мейоз

    Сонымен, гомологтік хромосомалар арасында пайда болатын те-
біліс күштеріне қарамастан, І профаза кезеңінде биваленттердің то-
лық бұзылуы жүрмейді. Овогенездегі мейоздың ерекшелігі сол, мұн-
да сперматогенезде болмайтын диктиотена деп аталатын арнайы
сатысы болады. Адамның эмбриогенезі кезінде жүретін бұл сатыда
хромосомалар «лампалық щетка» формасына ие болып, көптеген
жылдар бойы өз құрылымын өзгертпейді. Аналық организм ұрпақ
беретін жасқа жеткенде, гипофиздің лютеинзденуші гормонының
әсерінен овоцитте ай сайын мейоз жүріп отырады. Хиазмалар саны
азайып, биваленттер қысқарып, ядро ыдырап, ұршық жіпшелері тү-
зіле бастайды.

    І метафаза. Мейоздың І метафаза кезінде бөліну ұршығының
қалыптасуы толығымен аяқталады. Олардың жіпшелері бивалентке
немесе қосылған хромосомалардың центромерасына бекінеді. Әр
центромерадан бөліну ұршығының полюсіне бір ғана жіпшесі ба-
ғытталады. Нәтижесінде, гомологтік хромосомалардың центроме-
расына бекінеді. Әр центромерадан бөліну ұршығының полюсіне
бір ғана жіпшесі бағытталады. Нәтижесінде гомологтік хромосо-
малардың центромерасымен байланысқан жіпшелер әртүрлі по-
люстерге қарай бағыттала отырып, бөліну ұршығының экваторлық
жазықтығында биваленттер түзеді. Адамда осындай биваленттер-
дің саны 23-ке тең.

           25

⇐ МАЗМҰНЫ
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30