Page 28 - index
P. 28

Хромосомалар екі жіпшелі құрылымды, ал 1-реттік сперматоцит-
тер мен овоциттердің генетикалық формуласы 2n4c түрінде бола-
ды. Мұндай жасушалар құрамының екі еселенген ДНҚ-сы бар жұп
хромосома жиынтығынан тұратынын көрсетеді.

    Жыныстық пісіп-жетілуде кезектесіп жүретін бөлінудің маңыз-
ды 2 түрі бар: редукциялық (мейоздың бірінші бөлінуінде хромо-
сомалардың саны екі есе азаяды немесе редукция – екі есе азаю)
және эквациялық (мейоздың екінші бөлінуі жыныс жасушалары-
ның пайда болуымен аяқталады). Олар бірігіп мейозды құрайды.
Бірінші бөлінуден кейін 2-реттік сперматоциттер мен пісіп-жетілген
жұмыртқа жасушалары (nc) түзіледі. Пісіп-жетілу сатысының бө-
ліну нәтижесінде әрбір 2-реттік сперматоцит, 4 сперматозоид түзе-
ді. Ал әрбір 2-реттік овоцит толық жетілген бір жұмыртқа жасуша
мен көбеюге қатыспайтын редукциялық денешік түзеді. Осының нә-
тижесінде аналық гаметада қоректік материал ретінде сары уыз көп
мөлшерде жинақталады.

    Сперматогенез үдерісі қалыптасу кезеңімен немесе спермио-
генезбен аяқталады. Хромосомалардың жылдам ширатылуының нә-
тижесінде сперматид ядролары тығыздалады, олар функционалды
енжар болады. Пластинкалы кешен ядроның бір полюсіне орын
алмастырып, акросомды аппарат түзеді. Ол сперматозоидтың жұ-
мыртқа жасушасына енуінде үлкен маңызы бар. Центриольдер яд-
роның қарама-қарсы полюсінде орналасады және олардың біреуі-
нен талшық өсіп шығады, оның түбіне митохондрия орамдалған
қапшық түрінде шоғырланады.

    Сперматозоидтер, негізінен, жылжымалы, көлемі орташа бо-
лады. Олардың негізгі қызметі – хромосома жиынтығын жұмыртқа
жасушасына жеткізу. Ал жұмыртқа жасушаларының пішіні шар
тәрізді сперматозоидтерге қарағанда көлемі үлкен болып келеді.
Олар өте жай қозғалады немесе қозғалмайды. Жұмыртқа жасу-
шаларының ерекшелігі – олардың құрамында сары уыз болатын-
дығында. Жұмыртқа жасушасының ядросы сары уыздан бөлек
цитоплазмасының орталығында еркін орналасады. Сары уыз – ұрық-
тың ерте даму кезеңіндегі қорекке қажетті материал.

    Ұрықтану
    Ұрықтану дегеніміз – жұмыртқа жасушасы мен сперматозоид-
тің бір-бірімен қосылу үдерісі. Олардың ядролары бірігіп, одан
жаңа организм дамиды. Сперматозоид пен жұмыртқа жасушасының
ядросында хромосома жиынтығы гаплоидты болады.

           28

⇐ МАЗМҰНЫ
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33