Page 29 - index
P. 29

6-сурет. Ұрықтану

    Толық пісіп жетілген жұмыртқа жасуша қабықшамен қаптала-
ды және оның сперматозоид енетін кішкене тесігі болады. Ұрық-
тану кезінде жұмыртқа жасушасының ядросымен сперматозоид-
тың ядросы қосылады. Жұмыртқа жасушасына бір немесе бірнеше
сперматозоидтер енеді. Бірақ жұмыртқа жасушасының ядросымен
тек бір ғана сперматозоидтың ядросы қосыла алады. Ұрықтанған
жасуша зигота деп аталады, оның ядросында хромосома жиынты-
ғы диплоидты болады (6-сурет).

    Зиготаның ядросында барлық хромосомалар қайта жұптасады:
гомологиялық хромосоманың әр жұбында бір хромосома – аталық,
ал екіншісі – аналық болады. Сондықтан организмдердің әрбір тү-
рінің соматикалық жасушасына тән диплоидты хромосома жиын-
тығы тек ұрықтану кезінде ғана қалпына келеді. Ұрықтану аяқтал-
ған соң ДНҚ синтезі жүріп, хромосомалар екі еселенеді және митоз
жолымен жүзеге асатын зигота ядросының бірінші бөлінуі баста-
лып, жаңа организмнің даму бастамасын береді.

    Гүлді өсімдіктердің қосарлана ұрықтануы. Жануарлар мен
жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктердің жыныс жасушаларының да-
муы мен ұрықтануында көптеген ортақ қасиеттермен бірге айыр-
машылықтар да бар. Оны дара жарнақты гүлді өсімдіктердің жы-
ныс жасушасының дамуынан байқауға болады.

           29

⇐ МАЗМҰНЫ
   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34