Page 30 - index
P. 30

Аналық жыныс жасушасының дамуы. Тозаңдану кезінде тұ-
қым тозаңы аналық аузына түсіп, тозаң түтігін түзе отырып өседі.
Ол вегетативті жасушалардан түзіліп, тез өсіп, соңында түйін пай-
да болады. Түйінде аналық жыныс жасушасы қалыптасатын тұқым
бастамасы орналасқан. Бұл жерде мейоз жолымен бір диплоидты
жасушадан 4 гаплоидты жасуша түзіледі, олардың үшеуі өліп, қал-
ған 1-еуі митоз жолымен үш рет бөлінеді. Осылай ұрық қапшы-
ғын түзетін 8 гаплоидты жасуша түзіледі. Осы 8 жасушаның бесеуі
ұрық қапшығының қабырғасын түзе отырып, көмекші рөл атқа-
рады, ал оның үшеуінің біреуі жұмыртқа жасушаға айналады. Екі
гаплоидты хромосома жиынтығы бар жасуша қосылып, диплоидты
хромосома жиынтығы бар жасушаға айналады. Диплоидты жасуша
– ұрық қапшығының қосалқы ядросын түзейді. Осындай жолмен
пісіп-жетілген гаплоидты және диплоидты жиынтығы бар жұмырт-
қа жасушасы ұрықтануға дайын тұрады.

    Аталық жыныс жасушасының дамуы. Жабық тұқымды
өсімдіктердің жыныс жасушаларының қалыптасуында да өзіндік
ерекшеліктер бар. Гаметалар өсімдіктің аналығы мен аталығында
түзіледі. Аталық тозаңдардың құрамында диплоидты жасушалар
саны көп болады және олардың әрқайсысы мейоз жолымен бө-
лінеді. Нәтижесінде әр диплоидты жасушадан кейін тозаң дәнде-
ріне айналатын 4 гаплоидты жасуша түзіледі. Әрі қарай әр тозаң
дәнінің гаплоидты ядросы митоз жолымен бөлінеді. Нәтижесінде:
генеративті және вегетативті сияқты екі гаплоидты жасуша
түзіледі. Генеративті жасуша тағы да митоз жолымен бөлініп, нә-
тижесінде 2 гаплоидты спермия түзеді. Осылай ересек тұқым тоза-
ңы үш жасушадан: вегетативті немесе тозаң түтігі жасушасы-
нан және екі спермиядан тұрады.

    Сөйтіп, сыртын тығыз қабықша қаптаған тозаң түйіршігінде
үш жасуша пайда болады. Оның біреуі – өсімді, екеуі – гаплоидты
жиынтығы бар спермий. Пісіп-жетілген спермий гаплоидты жиын-
тығы бар жұмыртқасын ұрықтандырып, диплоидты жиынтығы бар
ұрық түзіледі. Екінші спермий диплоидты хромосома жиынтығы
бар орталық жасушаны ұрықтандырып, триплоидты жиынтығы бар
жасушаға айналады. Триплоидты жасушадан эндосперм дамиды.

    Демек, бір мезгілде диплоидты хромосома жиынтығы бар жа-
сушадан болашақ өсімдіктің ұрығы дамып, ал триплоидты жасу-
шадан қоректік зат – эндоспермнің дамуын гүлді өсімдіктердің
қосарлана ұрықтануы деп атайды. Гүлді өсімдіктердегі қосарлана

           30

⇐ МАЗМҰНЫ
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35