Page 43 - index
P. 43

Крепис тұқымын 25°С термостатта өсіріп, меристемалық клет-
каларын фиксация жасап, ацетокарминмен бояп, препарат жасайды.
Жарық микроскобы арқылы препаратты қарағанда, әрбір клетканың
шектелуін, кейбір клеткалардың метафаза кезінде хромосомаларды
көруге болады. Хромосомалар клетканың экваторында бос жатыр,
ұршық жіпшелері бұзылған. Клеткада хромосом саны – 6, үш жұп.
Олар таяқша тәрізді дене, бір-бірінен центромерасының орналасуы,
иықтарының мөлшері арқылы ажыратылады (7-суретті қараңыз).
Скерда өсімдігінің хромосома жиынтығы.

    2-тапсырма: Қарақұмық өсімдігінің хромосомалар жиын-
тығы

    Препарат жасау тәртібі жоғарыда көрсетілгендей. Микроскоп
арқылы қарағанда кейбір клеткаларда хромосомалар көрінеді. Бұл –
клетка бөлімінің метафаза кезеңі. Хромосомалар жиынтығы – 36.
Олар цитоплазмада жайылып жатқандықтан, зерттеуге болады.

8-сурет. Скерда өсімдігі хромосомасының тетраплоидты жиынтығы

    3-тапсырма: Скерда өсімдігі хромосомаларының клеткадағы
тетраплоидты жиынтығы (4n).

    Препарат жасау тәртібі жоғарыда көрсетілгендей. Крепис
өсімдігінің (тұқымын) тамыр өскіні термостатта 2-3 мм болғанша
өсіріп, содан соң 12 немесе 24 сағатқа 0,01% колцихин ерітіндісі-
не қояды. Колцихин клетка бөлінуінің анафаза кезеңінде ұршық
жіпшелеріне әсер етуіне байланысты хромосомалар полюстерге
тартылмай қалады. Осының нәтижесінде клеткада екі еселенген
хромосомалар жиынтығы түзіледі. Мұндай жиынтықты тетраплоид-
ты дейді.

           43

⇐ МАЗМҰНЫ
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48