Page 40 - index
P. 40

нәтижелердің қорытындысын тарата алмаймыз. Көпшілік автор-
лардың айтуынша, тест-жүйе ретінде өсімдіктердің мейотикалық
клеткаларын қолдануға болатыны белгілі. Біздің пікірімізше, ме-
йоздың фазаларында хромосомалардың өзгеруін анықтауға, хромо-
сомалардың пестицидтерге сезімталдығын және табиғи популя-
цияда осы өзгерістердің (стерильді, жартылай стерильді) әсерін
байқауға болады.

    Бұл тест жүйенің пайдаланудың мақсаты – ауылшаруашылы-
ғында өсімдіктердің ауруларына, зиянкестерге, арамшөптерге, т.б.
қолданатын пестицидтердің, фунгицидтердің, инсектицидтердің
мутагендік қасиетін анықтау. Қойылатын талап, дәнді дақылдар
тұқымын егудің алдында 30 күн бұрын, фунгицидтермен ауыл
шаруашылығында қолданатын дозасына сәйкес келеді (Ауыл ша-
руашылығы мен Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен нұсқа
бойынша). Тұқымдарды еккеннен кейін оның шығымдылығын
анықтап, фенологиялық бақылау жүргізеді. Жыныс клеткалары же-
тіле бастаған уақытта өсімдік сабағындағы соңғы жапырағы мен
алдыңғы жапырағының арақашықтығы 2-5 см болғанда, жапырақ
ішіндегі жас масақты Карнуа немесе Ньюкомера фиксаторымен
өңдейді. Әр вариант бойынша 50 өсімдіктің тозаңын зерттейді. То-
заң клеткаларын ацетокармин, Фельген ерітінділерінде бояп, уақыт-
ша препарат жасайды.

    Әр препараттан клетканың мейоздық бөлінуінен (Диакинез,
Метафаза І және ІІ, Анафаза І және ІІ) фазаларын тауып, ондағы
клеткалардың жалпы санын, оның ішінде мутацияға ұшыраған
клеткалардың санын анықтау керек. Мутацияға ұшыраған клетка-
лардың хромосомалары диакинезде-унивалентті (бір сыңары жоқ)
метафаза І және ІІ-де фрагменттер, ал анафаза І және ІІ-хромо-
сомалардың хроматидтері екі полюсін жалғастырып (көпір) тұрады.
Алынған цитогенетикалық мәліметтерді мына кестеге ендіру қажет
(3-кесте).

    1.	Анализделінетін материалды белгілі бояғыш заттар арқылы
бояу.

    2.	Анализделінетін материалды мацерациялау (ұлпа түзетін әр-
түрлі клеткаларды жұмсарту, бөлу әдісі).

    3.	Анализделінетін материалды фиксациялау.
    4.	Зертханада өсірілген арпа, бидай, пияз және скерда тұқымы-
ның тамыр меристемалық клеткаларының өсінділерін 0,1 см; 0,5 см;

           40

⇐ МАЗМҰНЫ
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45