Page 48 - index
P. 48

4-жұмыс

    Тақырыбы: Генетика пәні және оның мақсаты. Генетика-
лық талдау.

    Мақсаты: Студенттерді генетиканың принциптері және негіз-
гі қағидалар мен, генетикалық анализдің тәсілдермен таныстыру,
үлгі объектілерге қойылатын тәжірибелер арқылы тұқым қуалау
заңдылықтарын зерттеу. Студенттер генетикалық тәжірибелердің
хаттамалары мен құжаттарын жасаудың және алынған мәліметтерді
статистикалық өңдеудің кейбір жолдарымен танысады. Практикум
мақсаттарының бірі – студенттерді генетикалық есептер шығара
білуге үйрету.

    Құрал-жабдықтар. Шағылыстырудың түрлеріне арналған кес-
телер. Генетикалық символика жазылған кесте. Дрозофила шыбы-
нының дайын препараттары. Бидай масақтары жапсырылған парақ
қағаздар.

    Тапсырмалар:
    1.	Генетикалық талдау (шағылыстыру жүйесіндегі тұқым қуалай-
тын белгілердің ұрпаққа берілуі және олардың ажырауы статис-
тикалық әдіспен анықталуы).
    2.	Терминдер мен символдар.
    3.	Бидайдың бір жұп белгілерінің тұқым қуалауын зерттеу.
    4.	Х2-әдісімен гипотезаны тексеру.
    5.	Бақылау хаттама толтыру.
    Тапсырмаға түсініктеме
    Генетикалық анализ – белгілердің тұқым қуалауы мен оның
өзгергіштігін зерттеу мақсатымен жүргізілетін зерттеулер жүйе-
сі. Генетикалық анализ немесе белгілер қанша гендермен бақыла-
натынын, бұл гендердің өзара қалай әрекеттесуін, қандай хромо-
сомаларда орналасқанын, зерттелуші особьтар генотипінің, гендер
әсерлері механизмінің қандай екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Генетикалық анализдің көмегімен генетиканың көптеген теориялық
проблемалары қалай шешілетіндігін ген теориясы туралы білімі
жетілдіріледі, мутациялық өзгергіштіктің молекулалық механизм-
дері популяциялар генетикасынан да белгілердің ұрпаққа берілуі
туралы мағлұмат алады.
    Генетикалық анализдің басты элементі гибридология әдісі неме-
се шағылыстыру әдісі болып табылады.

           48

⇐ МАЗМҰНЫ
   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53