Page 38 - index
P. 38

-- хлороформ – 3 бөлігі;
    -- мұзды сірке қышқылы – 1 бөлігі.
    Карнуа фиксаторы ірі эмбриональдық нысандарға тез енеді, бі-
рақ өте жұмсақ әсер етеді. Фиксацияланған материалдар карминде
жақсы боялады.
    4. «Сірке қышқылы» немесе өзгертілген Карнуа (3:1) – фикса-
торы цитологиялық және эмбриональдық нысандарда қолданы-
лады. Материалдарды бекіткіште 2 сағаттан 12 сағатқа дейін ұстай-
ды. Бекіткіштің құрамы (3:1):
    -- 96% немесе 100% спирт – 3 бөлігі;
    -- сірке қышқылы (мұзды) – 1 бөлігі.
    Фиксатордың әсері Карнуа фиксаторына ұқсас.
    5. Чемберлен фиксаторы цитологиялық және эмбриональдық
зерттеулерде қолданылады. Фиксаторда материалдарды 12-16 сағат-
қа дейін ұстайды. Бұл фиксаторда материалды ұзақ ұстауға болады.
    Бекіткіштің құрамы (18:1:1):
    -- 50% немесе 70% спирт – 18 бөлігі;
    -- сірке қышқылы (мұзды) – 1 бөлігі;
    -- 40% формалин – 1 бөлігі.
    Чемберлен фиксаторы, Карнуаға қарағанда жұмсақ әсер етеді.
    6. Ньюкомера фиксаторы ядролық бекіткіш жасушаның мейоз-
дық бөлінуіндегі хромосомдық аберацияларды зерттеуде жиі қол-
данылады. Бекіткіштің құрамы (6:3:1:1:1):
    -- изоприл спирті – 6 бөлігі;
    -- пропион қышқылы – 3 бөлігі;
    -- ацетон – 1 бөлігі:
    -- диоксан – 1 бөлігі;
    -- петролеин эфирі – 1 бөлігі.
    Материалдарды бекіткіште 24 сағат бойы бөлме температура-
сында ұстайды. Содан соң бекіткішті ауыстырып, мұздатқышта
сақтайды.
    Диоксан және пропион қышқылы улы ерітінділер болғандық-
тан сақтық жасап, резиналық қолғаппен және жеделдеткіші бар
шкафтың астында істеген жөн.
    Фиксациялау және фиксациядан кейін материалдарды жуу
    Фиксациялаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Фиксациялаудың
жалпы ережесі:
    1. Бекіткіштерді таңдап алу зерттеу жұмыстарының мақсаты-
на сай болуы қажет.

           38

⇐ МАЗМҰНЫ
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43