Page 41 - index
P. 41

1,0 см; 1,5 см мөлшеріне қарай Карнуа фиксаторымен бірнеше рет
фиксация жасайды.

    5.	Фиксациядан өткен материалды мацерациялайды. Ол үшін
күшті қышқылдар – 5% хром қышқылы, 1,2 н НСІ, ферменттер – 5%
пектиназа, цитаза өңдеуден өткізеді.

    6.	Мацерация жасалынған материалды 45% сірке қышқылы-
нан өткізіп, ацетокармин, ацетоорсеин бояу ерітіндісіне пробиркаға
салып, су моншасында 25-30 мин. ұстайды.

    7.	Боялған материалды сорғыш қағаздан өткізіп, 45% сірке қыш-
қылында 3-5 минут сақтайды. 45% сірке қышқылынан кейін мате-
риалды 0,5% хлоральдегидрат ерітіндісінде 10-15 мин. сақтап, зат
шынысының үстіне қойып, боялған материалды аз ғана жұқа етіп,
пинцет немесе алмаспен кесіп, зат шынысының аз ғана жұқа орта-
сына қояды. Бұдан кейін бір тамшы хлоральдегидрат ерітіндісін, не
45% сірке қышқылын тамызады. Жабын шынымен жауып, ерітін-
діні сорғыш қағазбен сорғызып, басбармақпен немесе препаральды
инемен жайлап басады. Препаратты тазалап, микроскоп астында
қарап, зерттелетін заттардың суретін салады.

    Тесттің көмегімен басқа да қоршаған ортаның факторлары-
ның мутагендік қасиетін анықтауға болады.

    1-тапсырма: Скерда (Crepis capillaris) өсімдігінің меристема
клеткаларының хромосом жиынтығы (7-сурет).

7-сурет. Скерда өсімдігінің меристема клеткаларының хромосом жиынтығы

           41

⇐ МАЗМҰНЫ
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46