Page 44 - index
P. 44

4-тапсырма: Адам хромосомаларының диплоидты жиынтығы.
    Микроскоптың көмегімен препаратты көрген кезде, клеткалар
бөліну кезеңінде екені байқалады. Клетканың шекарасы білінбейді.
Цитоплазмада таяқша тәрізді хромосомалар және хромосомалар-
дың жинағы көрінеді. Хромосомалар К-митоз (колцихиннің) әсері-
нен ұршық жіпшелер қалыптаспағандықтан оларды клетка полюс-
теріне тарта алмаған формасы – Х тәрізді болады.
    Хромосомалар бір-бірінен формасы (пішіні) жөнінен ажыраты-
лады. Кариотипте метацентрлі, субметацентрлі, акроцентрлі хро-
мосомалар кездеседі. Хромосомалардың жалпы саны 46 (9-сурет).
Хромосомалар жұп болады. Ал жыныстық хромосомалар тақ бо-
лып, формасы – метацентрлі және акроцентрлі келеді. Студенттер
препараттан хромосомалар жиынтығын анықтап, суретін салып
жұптарын іздестіруі қажет.

           9-сурет

    5-тапсырма: Микросуреттерді қарап хромосомалардың струк-
турасын анықтап, сурет салу.

    Хромосома препаратын талдау
    1. Метафаза пластинкасын іздеу. Шыныдағы препаратты
ұзындығы мен ені бойынша жүйелі жылжытып, аз үлкейтетін
объектив (200-400) арқылы микроскоптан қарайды. Метафаза
пластинкасының орны жазық шынының иониусының координаты
арқылы белгіленеді.
    2. Метафаза пластинкасын зерттеу. Аз үлкейтетін объектив
арқылы метафаза пластинкасын қарау нүктенің ортасына түсіреді.
Оның орналасқан жеріне иммерсия майының бір тамшысын түсі-
ріп, микроскопты көп үлкейтетін (900-1350 есе) объективке ауыс-
тырады. Енді метафаза пластинкасының талдауға жарамдылығын
анықтау керек. Оның формасы дөңгелек немесе эллипс тәрізді бо-

           44

⇐ МАЗМҰНЫ
   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49