Page 39 - index
P. 39

Бекіткіш ерітінділердің көлемі, фиксацияланатын материал-
дардың көлемінен 50 есе артық болуы шарт. Материалдарды бекіт-
кенде жалпақ табанды, диаметрі 1,5-2 см пробиркаларды қолдан-
ған жөн.

    3. Фиксацияға жаңадан өсірілген материалдарды алу керек.
    4. Тамыр өсінділері ұзындығы – 5-7 мм болғанда, кесіп бекіт-
кіш ерітіндіге салады. Әр вариантқа 10 - 20 тамыршадан салады.
    5. Бекіткіш ерітіндісінен кейін материалды жууға тура келеді.
Егер материал сулы фиксаторда бекісе, сумен, ал спиртті фиксатор-
да болса, спиртпен жуады. Бұдан кейін материалдарды крандағы
ағынды судан 1-24 сағат бойы өткізеді.
    6. Жуылған материалдарды біртіндеп 80% спирт ерітіндісіне
ауыстырады. Өсінділерді дәкеден жасалған қапшық этикеткасы
түбі жалпақ пробиркаға ауыстырады да, оған біртіндеп спирттің
(20-10 және 80%) ерітіндісіне ауыстырып, әр концентрацияда 30
минуттан ұстап, 80% ерітіндісіне ұзақ уақыт сақтайды.
    Өсімдіктер хромосомасын ацетокарминмен бояу
    Ацетокармин ядролық бояғышқа жатады. Жасушаның ядросы
мен хромосомасын ашық, анық етіп көрсетеді. Кармин ерітіндісін
45% сірке қышқылында дайындайды.
    Ацетокарминды дайындау
    Кері мұздатқышы бар колбаға 55 мл дистилденген суға және
45 мл мұзды сірке қышқылын құйып, оған 2-5 гр кармин салады да,
30-60 минут су моншасында қайнатады. Бұл жұмысты желдеткіші
бар шкафтың астында орындаған дұрыс. Қызыл-күрең кармин ері-
тіндісін суытқаннан кейін, қағаз фильтрден өткізіп, мықты жабы-
латын шыныдан жасалған бюкске сақтайды.
    Хлоралгидрат ерітіндісін дайындау
    2 мл дистилденген суға 5 гр хлоралгидрат ұнтағын ерітеді.
    Арпа және бидай өсімдіктер жыныс клеткаларының мейоз жо-
лымен бөлінуінің фазаларын, қоршаған орта факторларының (пести-
цидтердің) мутагендік қасиетін анықтау мақсатында тест-жүйе ре-
тінде қолдану.
    Көп жағдайда пестицидтердің мутагендік әсерін өсімдіктердің
тамыр өсіндісінің меристемалық клеткаларындағы хромосома
жиынтығында болатын өзгерістердің сан және сапа жағынан түзі-
луіге қарай анықтайды (клеткалар митоздық жолмен бөлінеді). Бұл
тәсілді әмбебап (универсал) деп айтуға болады, себебі алынған

           39

⇐ МАЗМҰНЫ
   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44