Page 46 - index
P. 46

Мысалы, қой хромосомаларының диплоидты саны (2n) 54-ке тең
болса, оның 52-сі (26-жұбы) екі жынысты да (қошқар мен ұрғашы
қойларда) бірдей, оларды аутосома деп атайды. Қалған 2 хромосома
(І жұп) ұрғашы және еркек жыныстарда әртүрлі, олар жыныс хро-
мосома деп аталады.

    Организмнің хромосомалар саны мен құрылысын анықтаған-
нан кейін цитогенетиканың келесі кезеңінде кариограмма құрас-
тыру қажет. Кариограмма дегеніміз – бір клетканың хромосомала-
рын өз жұптарымен белгілі бір жүйе бойынша орналастыру.

    Кариограмманы құру мынадай кезеңдерден тұрады:
    1. Фотоқағаздағы әрбір хромосома суретін қайшының көмегі-
мен мұқият қырқады;
    2. Жұмыс дәптеріңізге хромосомалардың жұптарын ұзындығы
бойынша (алдымен ең ұзын жұпты, онан соң ұзындығы бойынша
екіншісін, т.с.с) ретімен бір сызықтың бойымен қатарластырады.
    Хромосомаларды морфологиялық құрылысы бойынша да топ-
тастыруды естен шығармау керек: метацентрлі хромосомалар өз ал-
дына, сол сияқты акро және субметацентрлі хромосомаларда жеке
өздерінің ұзындығына байланысты реттелуі керек.
    Жыныс хромосомалар өз алдына жеке орынға түсіріледі.
    3. Кариотиптегі жұп (гомологты) хромосомалар эстетикалық тал-
ғаммен орналастырғаннан соң (қиналған жағдайда оқытушыдан кө-
мек сұраңыз), оларды желім арқылы жұмыс дәптерге жабыстырады.
    Аяғында, кариограммалық талдауға қорытынды жазу қажет.

                              Бақылау сұрақтары
    1.	Хромосома дегеніміз не?
    2.	Хромосоманың ішкі және сыртқы құрылысын жазыңыз.
    3.	Хромосомаларда гетерохроматинді, эухроматинді аудандар
қандай рөл атқарады?
    4.	ДНҚ құрылысын жазыңыз.
    5.	Центромераның орналасуына байланысты хромосомаларды
қанша типке бөледі?
    6.	Хромосоманың формасы адамда, бактерияларда, қосмекен-
ділерде, жеміс шыбынында қандай болады?
    7.	Кариотип дегеніміз не?
    8.	Аутосом, жынысты хромосом қандай хромосомалар?
    9.	Хромосомалардың атқаратын қызметі қандай?
    10.	 Хромосомалардың екі еселенуі қайда жүреді?

           46

⇐ МАЗМҰНЫ
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51