Page 45 - index
P. 45

луы керек, хромосомалар бір-біріне қабаттаспай, жеке тұрғаны дұ-
рыс, шаң-тозаңдар, артық бояулар да болмағаны жөн.

    Қажетті жағдайда метафаза пластинкасын пленкасына суретке
түсіреді. Суретті фотоқағазға түсіргеннен соң, метафазалық хро-
мосомаларды талдау басталады.

    Кариологиялық талдау методикасы
    Әр организмнің хромосомаларының саны, құрылысы және мөл-
шері өзіне тән, оны кариотип деп атайды.
    Негізгі ауылшаруашылық өсімдіктері мен малдарының карио-
типінің хромосомаларының саны 38-ден 82-ге дейін өзгереді: үй
шошқасы – 38, буйвол – 48-50, қой – 54, ірі қара мал – 60, жылқы
– 64, бұғы – 70, түйе – 74, тауық – 78, үйрек – 80, қаз, күрке тауық –
82 , сәбіз – 18, қызанақ – 24, жұмсақ бидай – 42, қатты бидай – 28,
жүгері – 20, арпа – 14, күріш – 24, пияз – 16, жүзім – 76, бұршақ – 14,
қызылша – 18, т.б.
    Ауылшаруашылық малдары хромосомаларының морфология-
сы бірінші тартылысқа байланысты. Бірінші тартылыста хромосо-
малардың митоз және мейоз кезеңдерінде қозғалысын меңгеретін
центромера орналасқан. Центромераның орналасу нүктесінен жо-
ғары және төмен қарай көз жүгіртсек, онда хромосомалардың екі
иықтардан құралғанын көреміз. Хромосомалардың үш морфология-
лық типін ажыратады:
    Метацентрлі хромосома – М – центромера хромосоманың орта
бөлігінде орналасқандықтан екі иығы тең;
    Субметацентрлі хромосома – СМ – бір иығы ұзын, екінші иығы
қысқа;
    Акроцентрлі хромосома – А – бір ұзын иықтан құрылған сияқ-
ты, екінші иығы онша байқалмайды.
    1. Хромосомалардың санын анықтау. Белгілі бір организм түрі-
нің кариотипінің хромосомаларының санын есептеу үшін микро-
суретті (фото-қағазды) бетімен жарыққа ұстап, қағаздың (хромосома
суретінің) артқы жағынан центромераларды қарындашпен шеңбер
тәрізді сызып белгілейді. Немесе микро-суретті үстелге қойып, әр
хромосоманың центромера орналасқан жерінен инемен бір реттен
шаншиды. Одан соң фотоқағазды аударып, ине түсірген дақтарды
қарындашпен шеңбер тәрізді белгілейді.
    Шеңбердің санын санап, хромосомалардың диплоидты жиын-
тығын анықтайды.

    2. Хромосомалардың морфологиясын анықтау. Хромосомалар:

аутосомалар және жыныс хромосомалар болып екі типке бөлінеді.

           45

⇐ МАЗМҰНЫ
   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50