Page 49 - index
P. 49

Гибридологиялық талдаудың негізгі принциптері:
    1. Бір немесе бірнеше қарама-қарсы баламалылық белгілері бо-
йынша шағылыстырылатын организмдердің ұрпақтарындағы же-
келеген жұп белгілердің тұқым қуалауына талдау жасау;
    2. Келесі ұрпақтарда жекелеген баламалы жұп белгілері бойын-
ша ажыратылатын гибридті организмдерді сандық есепке алынуы;
    3. Әрбір будан организмнің ұрпағына жекелеген талдау жасау.
    Гибридологиялық әдісті ойдағыдай қолдану үшін бірнеше шарт-
тарды сақтау қажет. Бастапқы ата-ана формалары тексерілетін
белгілер бойынша ажырамайтын, «таза» гомозигота болуы керек.
Өздігінен фертильді организмдерде ата-аналар формаларының
таза болуы олардың бірнеше (3-4) ұрпақ бойына өздігінен тозаңда-
нуы және сұрыпталуы арқылы іске асады. Бұл жануарларда және
өздігінен стерильді өсімдіктерде жақын туыстық шағылысулар мен
сұрыптау арқылы жүреді. Әрбір белгінің генетикалық құрылымы
(структурасы) анықталғаннан кейін олардың бірлесіп тұқым қуала-
уы зерттеледі. Әрбір ұрпақтың барлық дараларына анализ жасалады
және алынған мәлімдемелер статистикалық жолмен өңделеді.
    Гибридологиялық анализ әдетте, шағылыстырулар системасы-
нан тұрады, оған: бірінші ұрпақ алу, бірінші ұрпақ гибридтерін өзара
шағылыстыру арқылы екінші ұрпақ алу және қайтара шағылысты-
ру немесе беккросстар деп аталатын, яғни оған бірінші ұрпақ буда-
нын ата-аналарының әрқайсысымен шағылыстыратын екі шағылысу
кіреді.
    Анализдеуші шағылыстыру – Ғ1 ұрпақ буданын рецессивті
атасымен шағылыстыру. Ол белгілердің тұқым қуалау сипатын
зерттеу кезінде, генетикалық карталар жасау үшін, селекциялық
мақсаттар үшін пайдаланылады, зерттелуші особьтардың генотипін
(гомо немесе гетерозиготалығын) анықтау үшін үлгі әдіс есебінде
қолданылады.
    Гибридологиялық әдіспен қатар генетикалық талдаудың басқа
да әдістерін қолданады. Мұндай әдістерге: генеалогиялық (шығу
тегі шежіресін зерттеу және құру) егіздік, цитогенетикалық, дене
клеткаларын будандастыру әдісі, биохимиялық және т.б. әдістер
жатады.
    Генетикалық терминдер мен символика
    Тұқымқуалаушылықтың негізінде бір түрге жататын организм-
дер өздеріне ұқсас ұрпақтар қалдырып отырады. Мысалы, бидай
дәнінен бидай өсіп шығады. Қойдан қозылар туады. Олар сыртқы

           49

⇐ МАЗМҰНЫ
   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54