Page 50 - index
P. 50

және ішкі белгілері бойынша аналыққа ұқсас келеді. Осыған бай-
ланысты тұқым қуалау деп организмдердің көбею кезінде белгі-
лер мен қасиеттерін және даму ерекшеліктерін ұрпаққа беруін
айтады. Неге организмдер бір белгісі бойынша аталығына, екінші
белгісі бойынша анасына ұқсас болады? Олай болатын себебі, ата-
аналық белгілер ұрпақтарына гендер арқылы беріліп, түрлі белгілер
нәтижесінде көрінеді.

    Ген (грек. генос – туу) – ДНҚ молекуласындағы нәруыз моле-
куласы туралы ақпарат таситын ДНҚ-ның тізбегі.

    Қызметіне байланысты гендер: құрылымдық және реттеуші бо-
лып 2 түрге бөлінеді.

    Жасушаның бөліну кезінде ДНҚ молекуласы хромосомаға
ширатылатындықтан, хромосоманың қасиеттері мен белгілерін
бақылайтын гендерді құрылымдық, ал олардың сыртқы ортада
көрінуін қамтамасыз ететін гендерді реттеуші деп атайды. Гендер
организмнің нақты бір белгісі және нәруыз молекуласының түзі-
луін анықтайды.

    ДНҚ (ген) → ақпараттық РНҚ (геннің көшірмесі) нәруыз → бел-
гі. Хромосома (грек. хромо – бояу, сома – дене) жасуша ядросында
тұрақты болатын, центромерасы бар, екі хроматидадан тұратын
құрылым. Гендердің хромосомада орналасқан орнын локус деп
атайды.

    Диплоидты жасушаларда хромосомалар жұп болып келеді.
Олардың пішіні, мөлшері және онда орналасқан гендер де бірдей,
ұқсас болады. Мұндай хромосомаларды гомологты хромосомалар
деп атайды. Ал гомологты хромосомалардың бірдей локусында
орналасқан қарама-қарсы (баламалы) бір жұп белгілердің (доми-
нантты ген – А, рецессивті ген – а) дамуын анықтайтын гендерді
аллельді гендер деп атайды. Олар әкесінен және шешесінен бері-
леді. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасын зигота деп атайды. Зигота-
да хромосомалар жиынтығы диплоидты (2n), мысалы, ол бұршақ
өсімдігі гүлінің қызыл және ақ түсін, бір геннің екі аллелін көрсе-
теді.

    Гамета (грек. гаметес – жұбайы) деп гаплоидты (1 n) хромосома
жиынтығы бар өсімдіктер мен жануарлардың жыныс жасушасын
айтады. Гамета жыныс жасушасының мейоздық бөлінуі нәтиже-
сінде түзіледі. Бірдей аллельді гендері бар гаметаның қосылуынан
түзілген организмді гомозиготалы (ААІ және ааІІ) десе, әртүрлі
аллельді гендері бар гаметаның қосылуынан пайда болған дарала-

рын гетерозиготалы (АаІІІ) деп атайды.

           50

⇐ МАЗМҰНЫ
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55