Page 51 - index
P. 51

Тұқым қуалайтын гендердің жиынтығын генотип дейді. Ал

фенотип дегеніміз – тұқым қуалайтын гендердің сыртқы ортаға

көрінуі. Мысалы, адамның қара көзді белгісі доминантты болған-

дықтан, генотипі АА және Аа болады немесе бір фенотипке екі түр-

лі генотип сәйкес келеді.

Доминантты белгі дегеніміз – гомозиготалы (АА) және гете-

розиготалы (Аа) күйінде басқа белгінің дамуына басымдылық көр-

сететін басым белгі.

Рецессивті белгі (аа) – гетерозигота (Аа) күйінде көріне алмай-

тын тұқым қуалайтын белгі.

Символдар. Г. Мендель организмдерді будандастыру барысын

сипаттау үшін символдарды пайдаланды. Бұл үлгілер генетикада

осы уақытқа дейін қолданады. Ата-аналық формалар Р әрпімен

белгіленеді (лат. Parentes – ата-ана). Будандастыру үлгісін жазғанда,

бірінші орынға аналық, одан соң аталық белгілер жазылады.

Аналық ♀ белгісімен (Шолпан құдайының айнасы), аталық ♂

белгісімен (Марс құдайының қалқаны мен найзасы), будандасты-

руды-х (көбейту) белгісімен, будандарды Ғ әрпімен (латын. Filius

– ұрпақ), ал бірінші, екінші, үшінші ұрпақтар Ғ1 , Ғ2 , Ғ3,.... болып
белгіленеді.

Гендерді латын әліпбиінің әріптерімен белгілейді. А – доминант-

ты (басым) ген, а – тұншыққан ген, АА – доминантты гомозигота,

Аа – бір белгі бойынша гетерозигота, аа – рецессивті гомозигота.

Гендерді латын әліпбиінің кез келген әріптерімен белгілеуден бас-

қа кейбір зерттеу нысандарында гендерді белгілеудің қабылданған

ережесі бар. Осы ережеге сәйкес, гендерді анықтайтын белгілердің

бірінші немесе алғашқы екі әрпімен белгілейді. Мысалы, дрозофила

шыбынының денесінің қара түсін анықтайтын генді b әрпімен

(black – қара) белгілесе, ал жетілмеген қанатты белгісін анықтайтын

генді Vq (vestiqial – жетілмеген) әріптерімен көрсетеді. Осы гендер-
дің қалыпты белгілерін анықтайтын доминантты аллельдерін «+»

белгісімен (b+, Vq +) жазады.
    Генетикалық формулаларды жазған кезде гомологты хромо-

сомаларда орналасқан аллельді гендерді бір-бірінің артына қояды.

Мысалы, Аа,АаВв, АаВвСс, т.б. Кейде хромосомаларда орналасқан

гендердің байланысын көрсету үшін хромосомаларды екі сызықша

түрінде көрсетеді. Мысалы, АаВв  aA  ..  B  Бұл формула бойынша
                                          b
дигетрозиготадағы аллельді гендер Аа және Вв екі түрлі жұп хро-

                            51

⇐ МАЗМҰНЫ
   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56