Page 57 - index
P. 57

Шағылыстыруды қою уақыты:
    Тек ажыраулар негізінде белгінің генетикалық бақылануы ту-
ралы, оны бақылайтын гендердің саны туралы мәселелер шешіл-
геннен кейін ғана гендердің тиісті әріптік бейнелері кіргізіледі де,
особьтардың генотиптері мен шағылыстыру сызбанұсқасы жазы-
лады.

                              Бақылау сұрақтары
    1.	Дрозофила шыбынының басқа нысандармен салыстырғанда
қандай айырмашылығы бар?
    2.	Дрозофила шыбынының даму циклі туралы мәлімет бер.
    3.	Дрозофила шыбынында қанша хромосома бар?
    4.	Гибридологиялық талдау әдісінің ерекшеліктері.
    5.	Моногибридті шағылыстырудағы тұқым қуалау заңдылықтары.
    6.	Моногибридті шағылыстыру нәтижелерін талдау кезінде Мен-
дель ашқан тұқым қуалау заңдары.
    7.	Гаметалардың тазалығы гипотезасының цитологиялық негіз-
дері. Ажыраудың цитологиялық негіздері.
    8.	Аллельдер, олардың өзара әрекеттесу типтері: доминанттылық,
толық емес доминанттылық, кодоминанттылық, көптеген аллелизм.
    9.	Талдаушы шағылыстыру және оның генетикалық анализ үшін
маңызы.
    10.	 Адамдағы қан топтарының тұқым қуалауы. Генетикалық
есептер шығару.

    Есептер
    1-есеп. Көк көзді еркектің әке-шешесі қой көзді. Ол әкесінің
көзі көк, шешесінің көзі-қой көзді, қой көзді әйелге үйленеді. Осы
отбасында қой көзді ұрпақ дүниеге келеді. Аталған кісілердің гено-
типі қандай болады, егер қой көзді белгі көк көзді белгіге қарағанда
басым болса?
    Шешуі. Есепте берілген гендер мен белгілерді үш бөлімнен
тұратын кестеге енгіземіз. Бірінші бөлімге белгілердің фенотипін,
екінші бөлімге сол белгілерді бақылайтын доминантты, рецессивті
гендерді, ал үшінші бөлімге мүмкін болатын генотипін жазамыз.

               Белгі    Ген Генотип
             Қой көзді   А АА, Аа немесе А-
             Көк көзді   а аа

⇐ МАЗМҰНЫ                 57
   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62