Page 16 - indexf
P. 16

Функционалды блоктарға бағыттау сызықпен белгіленген «себеп-
салдарлы» байланыстар тән. Алдағы уақытта АБЖ құрастырушы
элементтері бір бағытты қасиетке ие деп санаймыз.

    Бұл дегеніміз АБЖ алдыңғы элементінің күйі келесі элементтің
күйіне тәуелді еместігін білдіреді. Мысалы, автокөліктің рулі дөң-
гелектің орналасуын өзгерту арқылы автокөлік қозғалысының ба-
ғытын өзгерте алады, бірақ қозғалыс кезіндегі дөңгелектің елеусіз
өзгерісі рульге әсер етпейді.

    АБЖ функционалды блогы автоматиканың техникалық құрал-
дары және автоматика аспаптары арқылы орындалады. Берілген
кітаптың келесі бөлімдердің біразы автоматиканың кейбір тех-
никалық құралдарының тағайындалуы мен конструкцияларын оқуға
арналған.

    АБЖ функционалдық блоктары ақпараттық және механика-
лық жүйелермен, сонымен қатар, бағдарламалық құралдар тү-
рінде жүзеге асырылуы мүмкін. АБЖ сипаттамалық ерекшелігі
– механикалық және ақпараттық бөлімдегі өзара байланысқан
энергетикалық және ақпарттық ағымдардың бар болуы.

    АБЖ анализі және синтезі Автоматты басқару теориясы
(АБТ) ғылымының негізгі міндеті болып табылады.

    Басқару теориясында талданылатын нысан ретінде күй өз-
герісін қарастырамыз – ол жалпы АБЖ және элементтерінің
динамикалық қасиеттері. БН және АБЖ маңызды қасиеті қоз-
ғалыстардың орнықтылығы, қоздыруға инварианттылығы және
робастылық болып табылады. Осы қасиеттерін түсіну үшін бір-
неше мысалдарды қарастырайық.

    1.2-мысал.
    Дөңес бетінде орналасқан тыныштық күйіндегі шарикті
қарастырайық (1.4 a-сурет). Егер шарикті ақырын түртсек, онда
оның тыныштық күйі бұзылады және ол бастапқы күйіне оралмай-
ды. Осы жағдай нысанның орнықсыздығының (берілген жағдайда-
ғы шарик) мысалы болып табылады. Керісінше (1.4 б-сурет), егер
тура осы жағдайды ойыс бетте тыныштық күйінде орналасқан
шарикпен қайталасақ, онда шарик бастапқы күйіне түскенге дейін
орнықты тепе-теңдікте ақырындап тербеледі. Нысанның осындай
күйі АБТ өзін-өзі түзету деп аталады, ал орнықтылық мәнінде
орнықтылыққа нейтралды күй делінеді.

⇐ МАЗМҰНЫ  16
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21