Page 112 - indexf
P. 112

6-тарау. АБЖ СИНТЕЗДЕУ ӘДІСТЕРІ

    Синтездеу әдістері қажетті қасиеттерге ие автоматты басқару
жүйелерін құру үшін қолданылады. Синтез есептерін шешу кезінде
АБЖ алдын ала өзгермейтін бөлікке бөледі, мысалы, басқару ныса-
ны (БН) және өзгеретін бөлім – басқару құрылғысы (БҚ). Синтездеу
әдістерін қолдана отырып, қажетті қасиетті АБЖ алу үшін қажетті
құрылымды және БҚ буындарының сипаттамаларын алу қажет.

       6.1. Сызықты үздіксіз АБЖ реттеу заңдары

1.2. бөлімдерінде басқарудың (реттеудің) түрлі әдістері келті-

рілген болатын. Алдында айтылғандай басқару жүйесін анализдеу

және синтездеу есептері АБЖ орнықтылығын қамтамасыз етеді.

Синтездеу кезінде АБЖ керекті сипаттамаға реттегішті енгізу арқы-

лы қол жеткізуге болады (6.1-сурет). Реттегіштің жалғануымен

және реттегіштің параметрлерін таңдаумен жүйенің орнықтылы-

ғын қамтамасыз етуі мүмкін және қатыстық қайта реттеу, орнату

уақы-ты, өтпелі сипаттаманың максимум уақыты, орнықты қателік

сияқты сапа көрсеткіштерін қамтамасыз ету мүмкін.

Реттегіш деп – басқару үрдісінің сапасын және орнықтылығын

қамтамасыз ететін автоматиканың құрылғысын айтады. Реттеу

көрсеткіштерін және орнықтылықты талдау үшін жоғарыда қарас-

тырылған АБЖ уақыттық және жиіліктік сипаттамалары қолданы-

лады.

Айталық ∆y(t) шамасы, шығыс шамасының қажетті мәнінен

y P (t) нақты мәннің y(t) айырымына тең шама, ол басқару (реттеу)

қателігі деп аталады және мынаған тең:

                 ∆y(t) = y P (t) - y(t)            (6.1)

Басқару нысанына кіріс әсерді u(t) қателік шамасымен байла-

ныстыратын тәуелділікті реттеу заңы деп атайды, оны келесі түрде

ұсынуға болады:

                 u(t)=F[ ∆y(t) ].                  (6.2)

Әсер бойынша қосымша компенсациялы бар аралас жүйе үшін

реттеу заңын келесі түрде беруге болады:

                 u(t)=F[ ∆y(t) , f(t)].            (6.3)

Төменде жалпы түрде реттеудің сызықты заңдылығын жүзеге

асыру мүмкіндіктері қарастырылған, ол келесі тәуелділікпен

сипатталады:

⇐ МАЗМҰНЫ        112
   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117