Page 114 - indexf
P. 114

циясы ПИ-реттегіші құрылымына салынған элементтердің парал-
лель қосылған пропорционалды және интегралды құрастырушы-
ларының қосындысына тең. Демек, ПИ-реттегішінің интегралды
құраушысы істен шықса, онда ол П-реттегіші ретінде жұмыс жасай
береді, ол оның жұмысының сенімділігінарттырады. Айталық,
И-реттегіші жүйе орнықтылығының қорын төмендетеді.

    Пропорционалдық-дифференциалдық немесе ПД-реттегішінде
реттеудің екі параметрі бар. Оның БФ мына түрде болады:

                         W    (s)  =  Y (s)  =  k1  (1  +  TD  s)  ,    (6.7)
                                      U (s)

мұндағы, ТD – дифференциалдау уақыты.

    ПД-реттегіштерінің кейбір құрылымында баптау параметрі TD
1-ден 200с. диапазон аралығында өзгереді.

Пропорционалдық-интегралдық-дифференциалдық                             немесе

ПИД-реттегішінде баптау параметрі үшеу. Оның беріліс функциясы

келесі өрнекпен өрнектеледі:

                      W  (s)  =  Y (s)  =  k1 (1 +   1     +   TD s) ,  (6.8)
                                 U (s)              Tu s

яғни, осы реттегіште баптау параметрі үшеу болады: k1 − күшейту

коэффициенті,  T–     интегралдау          уақыты,         ТD –       дифференциалдау
                   U
уақыты.

         6.1-сурет. Әртүрлі реттегіштермен жүйедегі нысан
                            параметрлерін реттеу

⇐ МАЗМҰНЫ                             114
   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119