Page 118 - indexf
P. 118

6.2-сурет. Найквист және Боде диаграммалары
    Фаза және модуль бойынша орнықтылық қорын және Боде
диаграммасы көмегімен қарастырылған жүйенің орнықтылығын
анықтаймыз.
    MATLAB бағдарламасындағы командалық терезеден келесі нұс-
қауларды тереміз:

    % БФ алымы
    >>num=[0.8];
     % БФ бөлімі
    >>den=[2 3 5 4];
    % БФ
    >>sys=tf (num,den);
    % Боде диаграммасы құрылады
    >>margin (sys)
    % ENTER басу

    Нәтижесінде 6.1 б-суретте көрсетілген Боде диаграммасын
аламыз.

    Жүйе орнықты, модуль бойынша қор Gm=12.8 дБ, фаза бойын-
ша қор (Pm=Inf) біздің жағдайымызда диаграмманың астында
жазылған жазудан көріп тұрғанымыздай анықталмаған.

    1-қосымшада берілген динамикалық сипаттамаларды құру үшін
Simulink LTI-Viewer қолданылуы бойынша [14] жұмыстан нұсқау
берілген.

            6.2. Бірнеше ТДБ жиынымен күрделі басқару,
                      объектілерді аппроксимациялау

    АБЖ синтездеу кезінде типті динамикалық буынын тәжірибеде
қалай қолданылатынын қарастырамыз. Айталық, қандай да бір нақ-
ты басқару нысаны (БН) берілсін.

    АБЖ анализ және синтез есебін шешу үшін беріліс функциясын
және БН уақыт тұрақтысын орнату қажет. Ол үшін эксперименталды
жолмен бірлік секіріске жүйе реакциясы ретінде екпін алу қисығы

⇐ МАЗМҰНЫ  118
   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123