Page 123 - indexf
P. 123

ІІ бөлім. АВТОМАТИКАНЫҢ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ
                    ЖӘНЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

         7-тарау. АВТОМАТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІ ЖӘНЕ
                     ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ

    Автоматика элементтеріне функционалды бағыты бойынша ке-
лесі элементтер жатады: ақпараттық, салыстыру, күшейту, тапсыр-
ма беруші, есептеу, жадылық, логикалық, тарату және орындау
элементтері. Бұл элементтердің кейбірі арнайы пәндерде қарасты-
рылады, қалғандарын төменде қарастырамыз.

    Атап өту керек, ең алғашқы Қазақстанда автоматиканың тех-
никалық құралдары [5] пәні бойынша оқу құралын құрамында
Г. М. Тоқтабаев, А. А. Афанасьев секілді Қазақстанның танымал
ғалымдары бар авторлық ұжым дайындаған.

7.1. Автоматика элементтерінің жіктелуі

    Автоматика элементтері деп – ақпаратты, энергияны түрленді-
ретін белгілі бір функцияларды орындайтын қондырғыларды айта-
мыз.

    Электрлік, механикалық және басқа да байланыстармен қосыл-
ған және басқару жүйесі құрылымына кіретін автоматиканың эле-
менттері және әртүрлі кешенді құрылғылар сызбаларда шартты
электрлік, гидравликалық, пневматикалық және кинематикалық
сұлбалар түрінде бейнеленеді (1-қосымша). Электрлік сұлба келесі
түрлерге бөлінетінін ескерген жөн:

    •• құрылымды, ол құрылғының негізгі бөліктерін (буындарын),
олардың өзара байланыстары мен сипаттамаларын анықтау үшін
арналған;

    •• функционалды, ол жалпы құрылғыда және жеке бөліктерінде
өтетін үрдістерді мәлімдеу үшін арналған;

    •• принципиалды, элементтердің толық құрамы мен олардың
арасындағы байланыстарын көрсету және қондырғының жұмыс
принципі жайында түсініктемелер беру үшін арналған;

    •• монтажды, сымдар, кабельдер және тағы да басқа қосуға

⇐ МАЗМҰНЫ  123
   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128