Page 126 - indexf
P. 126

7.2. Беруші құрылғылар

    Беруші құрылғылар (БеҚ) – басқару нысаны ары қарай қалай
басқарылатыны жайындағы ақпаратты құрайтын беруші әсерді
АБЖ енгізуге арналған.

    Тұйықталған басқару жүйелеріндегі БеҚ реттелетін координат-
тың берілген мәндерін енгізеді. Логикалық бағдарламалы АБЖ
БеҚ осы бағдарламаларды енгізеді. Автоматты реттеу жүйелерінде
БеҚ дискретті немесе аналогты түрде реттелетін параметр туралы
ақпаратты құрайды.

                         7.2-сурет. Датчик реакциясы

    Беруші құрылғының құрылымы оның нақты тағайындалуына
тәуелді. Мысалы, тұрақталынған кернеуді автоматты реттеу жүйе-
сіне енгізу үшін потенциометр қолданылуы мүмкін. Қарапайым
потенциометрде кіріс шамасы ретінде тасымалдау (ауысу), ал шы-
ғыс-қозғалтқыштың (движоктың) тасымалдауына тәуелді кернеу
(ток) болып табылады. Бағдарламалы басқарылатын автоматты
жүйелерде БҚ ретінде үздіксіз немесе дикретті әрекет ететін ко-
мандоапараттар қолданылады. Мысалы, 7.3-суретте үздіксіз әре-
кет ететін командоаппараттың сұлбасы келтірілген.

    Мұндай БеҚ кері байланыссыз АБЖ ғана қолданылуы мүмкін,
өйткені БеҚ шығысындағы сигналдар команданың нақты орын-
далуына тәуелсіз, олар алдын ала берілген цикл бойынша қайта-
ланып отырады. Мұндай командоаппараттар кейбір кір жуғыш ма-
шиналардың басқару жүйесіне ие.

⇐ МАЗМҰНЫ  126
   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131