Page 124 - indexf
P. 124

арналған құралдар көмегімен құрылғының негізгі бөліктерінің

қосылысын көрсету үшін арналған.
    Автоматика жүйелерінде элементтер бір бағытты әрекетті буын

ретінде қарастырылады, ол түрленген сигналды бір бағытта – кі-
рістен шығысқа береді.

    Автоматика элементтерінің жіктелу негізіне функционалды бел-
гілер қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда автоматика элементтері келесі
топтарға бөлінеді:

    ●● ақпараттық,
    ●● салыстыру,
    ●● тарату,
    ●● күшейту,
    ●● есептеу,
    ●● жадылық,
    ●● орындау,
    ●● логикалық және көмекші.
    Автоматика элементтерінің жиыны кез келген автоматикалық
жүйені өлшеу, бақылау, реттеу және басқару жүйесін жинауға
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әрбір элементтер тобы түрлі
белгілеріне байланысты өз кезегінде кіші кластарға, топтарға, кіші
топтарға бөлінуі мүмкін. Көрсетілген функцияларды тікелей жүзеге
асыратын құрылғыларды тереңірек қарастырамыз.
    Автоматиканың көптеген элементтері ортақ сипатқа ие болады.
Элементтердің басты ортақ сипаттамасы түрлендіру коэффициенті
немесе беріліс коэффициенті болады, ол шығыс шаманың y кіріс
шамаға x қатынасы немесе шығыс шама өсімшесінің ∆у (немесе dy
) кіріс шама өсімшесіне ∆х (немесе dx) қатынасы түрінде болады.
Бірінші жағдайда, К = у/х түрленудің статикалық коэффициенті, ал
екінші жағдайда ∆х→ 0 болған кезде К› = ∆у/∆х ≈ dy/dx түрленудің
динамикалық коэффициенті деп аталады. Автоматика элементінің
нақты тобына байланысты бұл сипаттамалар белгілі бір физикалық
мәнге ие. Мысалы, датчик қабылдауына байланысты түрлендіру
коэффициенті сезімталдылық, ал күшейткіштер үшін – күшейту
коэффициенті деп аталады.
    Кейбір көрсеткіштер автоматика элементтерінің жұмысы кезін-де
динамикалық режим сипаттамасында қолданылады. Динамика-лық
режим деп автоматика жүйесінің және элементінің орнықты күйден
басқа күйге ауысу үрдісін айтады, яғни оның шарты кіріс шама х
болғанда, сәйкесінше, шығыс шама у болғанда уақыт бойынша

⇐ МАЗМҰНЫ  124
   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129