Page 129 - indexf
P. 129

Сонымен қатар, бұл күшейткіштердің шығыс қуаты төмен.
    Жартылай өткізгішті күшейткіштер электроника курсында то-

лығымен қарастырылады. Мұнда мысал ретінде биполярлы транзис-
тордағы күшейткіштерді қарастырамыз, оның сұлбасы 7.5-суретте
көрсетілген.

    Мұндағы R1, R2 кедергілері каскадта тепе теңдікті қамтамасыз
етеді. Осыдан транзисторда базаның Іб.п, коллектордың Ік.п., эмит-
тердің Іэ.п. тыныштық тогы ағады, сондай-ақ сәйкес Uбп, Uк.п.,
Uэ.п. кернеулері бар. С1, С2 сыйымдылықтары бөлу функциясын
орындайды. С1 сыйымдылығы R1, R2 кедергілерінің бөлгішінен
тоқтың ағуына бөгет болады. С2 сыйымдылығы Rж жүктеме кедер-
гісіне кернеудің өтуіне кедергі болады. Rэ кедергісі берілген Uбп
кернеуі кезінде транзистор арқылы тыныштық тогын анықтайды.
Коллектордағы температура өскен жағдайда Ікп және Іэп тогы өседі,
осыдан эмиттердегі Uэп = Iэп Rэк кернеу төмендейді. Базадағы кернеу
берілген болғандықтан транзистор жабылады, бұл транзистор жұ-
мысында тыныштық күйін автоматты түрде теңестіруге әкеледі.

                                             +E K

           R1 Iк.п          RK
                                C2
           Uвх C1    Iб.п         C3  Uвых
                R2                     RH
                    Uб

                      Iэ.п
                        RЭ

7.5-сурет. Биполярлы транзистордағы күшейткіш сұлбасы

    Эмиттердің айнымалы тогы Uэ = IэRэ айнымалы кернеу туында-
тады, ол күшейтілген кернеуді азайтып тұрады. Каскадтың күшейту
коэффициенті (К біреуі) келесіге тең:

                                        K = Rk
                                              Rý

⇐ МАЗМҰНЫ           129
   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134