Page 128 - indexf
P. 128

Басқару жүйесіндегі СҚ шығысына орындаушы механизм ор-
нықты делік. λ = 0 кезінде жүйе тепе-теңдікте болады, ал λ ≠ 0 ке-
зінде механизм қосылады.

    СҚ ретінде көбінесе 7.4-суретте көрсетілгендей көпірлі сұлба-
лар қолданылады.

                                     Rx Rзад

                      Uпит Uвых

           R1 R 2

           7.4-сурет. СҚ көпірлі сұлбасы

    Көпірлі сұлбаны қолданумен келісілмеушілік (рассоглосование)
келесі өрнек бойынша анықталады:

           =λ Ráåð − RxR2 / R1            (7.2)

СҚ операциялық күшейткіш негізінде тұрғызылуы мүмкін.

           7.4. Күшейткіштер

    Күшейткіш (К) кіріс сигналды күшейтуге арналған. Кейбір
жағдайларда К көмегімен кіріс және шығыс сигнал арасындағы бе-
рілген тәуелділікті аламыз. Күшейткіштерде сигналдар кірісінің
және шығысының физикалық табиғаты бірдей екенін ескеру керек.
Күшейткіште энергияны түрлендіру немесе күшейту күшейткіштің
қорек көзіндегі энергия есебінен іске асады.

    Күшейткіштің негізгі сипаттамалары: күшейту коэфициенті, ста-
тикалық сипаттаманың сызықтылығы; тезәрекеттілік, өзіндік шу-
лар деңгейі; максималды шығыс қуат.

    АБЖ күшейткіштің келесі типтері қолданылады: жартылай өт-
кізгіштік, магнитті, электромашиналы, гидравликалық, пневмати-
калық және тағы басқалары. Өлшеу техникасында жартылай өт-
кізгішті күшейткіштер кеңінен қолданылады, олардың күшею

коэффициенті жоғары, шу деңгейі төмен, тезәрекеттілігі жоғары.

⇐ МАЗМҰНЫ  128
   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133