Page 130 - indexf
P. 130

Динамикалық режимдегі шығыс сигнал параметрлерін анықтау
үшін Rн жүктеме кедергісі Rk кедергісіне параллель қосылады. Онда
коллектор тізбегіндегі жалпы кедергі келесіге тең:

           Rko = Rk RH (Rk + RH )          (7.3)

    Магнитті күшейткіш мысалын қарастырамыз. Магнитті күшейт-
кіш (МК) өзек темірмен көп орамды дроссель түрінде болады. Маг-
нитті күшейткіштің жұмыс істеу принципі тұрақты токтың маг-
нит өрісімен өзекті магниттелу кезінде айнымалы ток орамының
индуктивтілігі өзгерген кезімен байланысты жұмыс жасайды.

i óï ð wóï ð
                        w0.C

i0 w0

~ uóï ð    ~w       ~w             u âû õ
                                    RH

7.6-сурет. Магнитті күшейткіш сұлбасы

    7.6-суретте біртактілі магнитті күшейткіштің сұлбасы көрсе-
тілген. Осы МК ω≈ айнымалы тоғының екі секциялы орамының
біреуі бар. Осы орамға Rж күшейткіш жүктемесі тізбектей қосылған.
Ортаңғы сырықта үш орам бар: басқарушы орам (ωбас ), кері байла-
нысты орам (ωкб) және нөлдік орам (ω0). Басқарушы тізбек бойынша
ібас кіріс сигнал тұрақты ток түрінде беріледі. Кері байланыс орамы
МК шығыс кернеуінің түзеткіші арқылы қанығады. Осыдан оң кері
байланыс күшейткіш инерциясын және статикалық сипаттаманың
тіктігін ұлғайтады және керісінше, осы параметрлерді теріс кері
байланыс кезінде азайтады. Кері байланыс рөлі МК тезәрекеттілігі
айтарлықтай төмен болғанда қажет. Нөлдік орам тәуелсіз қорек
көзінен қанығады және сызықты бөліктегі күшейткіштің жұмыс

нүктесін жылжыту үшін қызмет етеді.

⇐ МАЗМҰНЫ      130
   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135