Page 133 - indexf
P. 133

массаның және өлшемдердің төмендеуі ОЖ үшін үрдіс сипаттамасы
болып табылады. Сондай-ақ ОЖ механикалық энергияны күшейте-
ді, соның әсерінен басқарылатын қозғалыс орындалады, сондықтан
орындаушы жетектерге келесідей талаптар қойылады: тез әрекет
етуі, қозғалыс икемділігі, жоғарғы жүктеме қабілеті, дірілдің болма-
уы. ОЖ берілген қозғалыс дәлдігін, жоғарғы шуыл көздерінің болма-
уын, пайдалану кезінде қолайлы және қауіпсіз болуын қамтамасыз
етуі қажет. Нарықтың коньюнктура талаптарына байланысты ОЖ
құны жағынан төмен, сәйкес дизайнды, адам-машиналы интерфейс-
ке ыңғайлы болуы қажет.

    Тәжірибеде әртүрлі белгілері бойынша ерекшеленетін көптеген
ОЖ кездеседі. Негізгі ескеретін ерекшелігі механикалық энергияның
шоғырландыратын қорек көзінің болуы. Осы белгілері бойынша
ОЖ пневматикалық, электрогидравликалық және электрлік болып
бөлінеді.

    7.5.2. Гидро және пневматикалық ОЖ
    Орындаушы қозғалтқыштардың жұмыс ортасына (газ немесе
сұйықтық) байланысты жетектерді пневматикалық және гидравли-
калық орындаушы жетектер деп бөлуге болады.
    Энергияны, газды және сұйықтықты пайдалану әдісіне бай-
ланысты орындаушы жетектер көлемдік және динамикалық деп
бөледі. Көлемдік жетектің жұмыс істеу принципі газ немесе сұ-
йықтық қысым арқылы қозғалтқыш камера көлемін өзгертуіне
негізделеді, соның нәтижесінде қозғалтқыш жұмыс ортасы – гидро-
пневмоцилиндр поршеньдерінің немесе қозғалтқыштың қызмет
органының орын ауыстырулары орындалады.
    Жұмыс істеу принципі газ немесе сұйықтық ағынының дина-
микалық әсеріне негізделуін гидро-пневмодинамикалық деп атайды.
    Ары қарай негізінен тек көлемдік гидро-пневможетектерді қа-
растырамыз.
    Гидро-пневматикалық ОЖ механикалық энергияны шоғырлан-
дыратын қорек көзі болып және сызықты және айналмалы қоз-
ғалысты гидро-пневмо қозғалтқыштары болып табылады.
    Электропневматикалық орындаушы жетектерді қолдану аясы-
на-өнеркәсіптік роботты техника, дәлдігі бойынша талаптары аз
жетектер, екі позициялы механизмдер жетегі және қарапайым өнді-
рістік автоматтар жатады. Пневматикалық ОЖ құрамына біржақты

⇐ МАЗМҰНЫ  133
   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138