Page 132 - indexf
P. 132

ция коэффициенті шығыс буын күшінің кіріс буын күшіне қаты-
насына тең:

                                  к=РД/РН=АД/АН

          7.5. Автоматика жүйесінің орындаушы жетектері

    7.5.1. Негізгі түсініктер мен ережелер
    Орындаушы жетек (ОЖ) деп қажетті сипаттағы механика-лық
қозғалысты алу мақсатындағы ақпаратты және энергияны түр-
лендіруді іске асыратын жүйені айтамыз. Төменде орындаушы
жетектің үлкейтілген функциональды сұлбасы келтірілген. Орын-
даушы жетек басқарушы жүйеден (БЖ) және атқарушы деңгейге
жататын ақпаратты өлшеу жүйесінен (АӨЖ), механикалық энергия-
ны шоғырландыратын қорек көзінен (ҚК) сонымен қатар қосым-
ша муфта (М) түріндегі механикалық қондырғылардан, тежегіш
және беріліс механизмінен (БМ) тұрады, (7.16-сурет). Көрсетілген
атқарушы қондырғы белгілі бір шарттарда қозғалыстың мехатронды
модулі (ҚММ) деп аталады.

         7.8-сурет. Орындаушы жетек құрылымының сұлбасы

    Шындығында, қазіргі заманғы қоғамның дамуында, техникалық
өрлеу деңгейінің көтерілуіне байланысты автоматика жүйесіне то-
лықтай, орындаушы жетектерге жекелей байланыспен әртүрлі көр-
сеткіштері бойынша жоғарғы талаптар қойылуда. Мысалы, автома-
тика жүйесінің орындаушы жетегі ауыспалы динамикалық сипатта
жұмыс істеуі керек (момент, инерция, жүктеме). Сонымен қатар,
олар қоздырғыш факторлармен әсерлеспеуі керек. Үлкен динамика-
лық жүктеме кезінде ОЖ осы жүктемелердің демпфирленуін
қамтамасыз етуі қажет. ОЖ қойылатын маңызды талаптардың
бірі қуаттың массаға жоғарғы қатынаста болуы керектігі. Жалпы

⇐ МАЗМҰНЫ  132
   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137