Page 135 - indexf
P. 135

•• Пайдаланудағы қарапайымдылығы;
    •• Өрт, жарылыс қауіпсіздігі;
    •• Ағымды автоматиканы қолдану мүмкіндігі.
    Кейбір жағдайларда пневматикалық ОЖ қолдануға шектеу қоя-
тын талаптары да болады.
    Пневматикалық ОЖ айтарлықтай кемшіліктері бар және оның
ең бастысы ауаның қысылуынан қозғалысты және позициялауды
берілген дәлдікпен алу мүмкіндігінің болмауы. Одан бөлек пневма-
тикалық ШИЖ шығысындағы қуаты төмен, ол жұмыс қысымының
аз екенін көрсетеді, қозғалыстың бәсеңдігін қамтамасыз ете алмай-
ды, сонымен қатар, ауаны дайындайтын қосымша қондырғыларды
талап етеді. Соның өзінде болашақта пневматикалық ОЖ пайдала-
ну саласын кеңейту үшін, пневмоавтоматика элементтері мен қон-
дырғылары құрылуы мүмкін.
    Электрогидравликалық ОЖ мынадай артықшылықтары бар:
    •• Жоғары энергия сыймдылығы;
    •• Тез әрекет етуі;
    •• Құрылымының қарапайымдылығы және жинастыру мен құру
кезінде агрегатты модульді принципті пайдалану мүмкіндігі;
    •• Жұмыс сұйықтығының аз сығылу қасиетіне байланысты, ста-
тистикалық жүктемелер сипатының қатаңдығы;
    •• Жүйенің ПӘК төмендететін қозғалыстың механикалық түр-
лендіргішін қажет етпеуі.
    •• Сонымен қатар электрогидравликалық ОЖ кемшіліктері де
бар, олар:
    •• Жұмыс сұйықтығы келіп тұратын арнайы қорек көздерін (на-
состық станция, гидрорезервуарлар т.б.) пайдалануды талап етеді;
    •• Сұйықтық қасиеті (тұтқырлығы) температураға байланысты.
Ол мысалыға ОЖ жұмысы кезінде сұйықтық қызады және оның
құрылымы өзгереді, ол толықтай жүйенің динамикалық сипатына
әсер етеді;
    •• Экологиялық сипаттамаларға мәселе тудыратын, сонымен
қатар, ОЖ эксплуатациялы сипаттамаларына әсер ететін жұмыс
сұйықтығының сыртқа ағып кету орындарының бар болуы;
    •• Позициялы булардың болуы қосымша қондырғыларды (зо-
лотниктер, гидроцилиндрлер т.б.) дайындау дәлдіктері бойынша
талаптарының жоғарылығы.

⇐ МАЗМҰНЫ  135
   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140