Page 137 - indexf
P. 137

Интеллектуалды мехатронды модуль тармақшасын басқаруда ин-
теллектуалды әдісті қолдануды мехатронды қозғалыс модулі деп
атаймыз.

    Төменде 7.1-суретте ҚЭММ қарапайым функционалды сызбасы

көрсетілген.

           7.10-сурет. ЭМОЖ құрамы

    Мұнда барлық энергияны тұтынатын немесе жеке-жеке тұтыну-
шыларға басқару кешеніне (БК), күштік түрлендіргішке (КТ), элек-
троқозғалтқышқа (ЭҚ) және механикалық түрлендіргішке (МТ) ар-
налған қорек көздері көрсетілмеген.

    Берілген функционалдық сұлбада ҚЭММ элементтері болып
саналмайтын нысан пен қорек көздері көрсетілген. Бірақ та ны-сан
жайындағы ақпарат ҚЭММ функциялау мақсатын қалып-тастыру
деңгейі кезінде міндетті түрде болуы қажет. Әрбір келтірілген
құрылымдық функционалдық элементтер ары қарай осы немесе
басқа мақсаттарда қарастырылады. Мұнда атап өту кекек жағдай,
БК болып электроқозғалтқышты КТ арқылы автоматты басқаруға
арналған аппараттық және бағдарламалық құралдардың жиынтығы
түсіндіріледі. Басқару кешені жоғарыда орналасқан басқару жүйе-
лерінен сигналдарды алады, сонымен қатар, ақпараттық-өлшеуіш
жүйелер көмегімен ҚЭММ ішкі және сыртқы орталары (обьект)
жайлы ақпараттарды ала алады. Күштік түрлендіргіш электронды
қондырғы түрінде, яғни БК анықталған сигналдарымен сәйкес ке-

летін электрқозғалтқыш басқарылуы үшін тағайындалған жүйелер

түрінде болады.

⇐ МАЗМҰНЫ  137
   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142