Page 134 - indexf
P. 134

және екіжақты әсерлі пневмоцилиндрлер, толық бұрылысты емес
пневмоқозғалтқыштар, пневмомоторлар, мембранды камералар
және т.б. жатады. Қозғалқыштарды функционалдау мен басқаруға
арналған қосымша қондырғыларға жататындар: таратқыш аппарат-
тар, түрлі пневмоклапандар, пневмодроссельдер, индикаторлар
мен қысым релесі, ауаны дайындауға арналған аппараттар және
т.б. Пневматикалық ОЖ басқару үшін микропроцессорлы басқару
модулі және ағымды автоматикаға негізделген басқару жүйесі
пайдаланылуы мүмкін. 7.17-суретте пневматикалық қозғалыстың
мехатрондық модулінің (ҚММ) жұмыс істеу принципі келтірілген.
Пневмоцилиндр штогы потенциометрмен (П) өлшенеді, одан бері-
летін сигнал қорек көзінен (Қ) қоректенетін сервокүшейткішке
(СК) беріледі. Сервокүшейткіш келіп түскен сигналдарды пневмо-
цилиндрдағы ауаны басқарып отыратын сервотаратқышқа (СТ)
береді.

7.9-сурет. Гидро пневматикалық ОЖ сұлбасы

    Пневматикалық ОЖ негізгі артықшылықтары:
    •• Тез әрекет етуі;
    •• Шығыстағы күшті басқару мүмкіндігі;
    •• Құрылымының қарапайымдылығы, қосымша механикалық
берілістерді қажет етпеуі;

⇐ МАЗМҰНЫ  134
   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139