Page 136 - indexf
P. 136

Соған қарамастан электрогидравликалық қозғалыстың мехат-
рондық модулін (ҚММ) пайдалану басқа жетектермен салыстыр-
ғанда жоғары, мысалы, жарылыс қауіпті орта жұмысы үшін 10 кВт
жоғары қуатты жүктемеде жұмыс істеуі. Гидрожетектер гидроже-
тектерде жұмыс жасайтын қондырғыларда, өнеркәсіптік робот-
тарда пайдаланылады.

    7.5.3. Электромеханикалық орындаушы жетек (ЭМОЖ )
    ЭМОЖ құрылымдық және функционалдық қатынаста өзіндік
бір бұйым болып табылады, оның басқа модулдермен жекелей және
әртүрлі комбинациялық түрде қолдануға болатын механикалық,
электрлік (электротехникалық) және ақпараттық бөлімдері бар. Қоз-
ғалыстың электромеханикалық мехатрондық модулінің (ҚЭМММ)
қарапайым мехатронды емес ЭМОЖ айырмашылығы, оның қосал-
қы ақпараттық бөлігінің бар болуында.
    Микроэлектрониканың қазіргі заманғы технологиясының да-
муы ЭМОЖ сәтті интегралдайтын, сонымен қатар, оны ҚЭМММ
ауыстыратын шағын датчиктерді және электронды блоктарды
жасауға мүмкіндік тудырды. Типтік ЭМОЖ құрамы үлкейтіліп
7.18-суретте көрсетілген. Мұнда ЭМОЖ электроқозғалтқыштан
электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіретін электро-
техникалық түрлендіргіштен тұрады. Механикалық қозғалысты
түрлендіру үшін түрлі механикалық түрлендіргіштер (беріліс
механизмдері) пайдаланылады. Сонымен қатар, осында люфт таң-
дау механизмдерін және байланыстыратын қондырғыларды (теже-
гіш, муфталар) жатқызуға болады. Ақпараттық бөлімге өлшеу құ-
ралдары, ақпараттық сигналдарды түрлендіргіштер жатады. Әдетте,
ақпараттық бөлімде механикалық өлшемдердің жалпылама күшін,
координаттарын, жылдамдық және үдеу мәндерін өлшеуге мумкіндік
беретін кинестетикалық датчиктерді қолданады.
    Қозғалыстың электромеханикалық мехатронды модуліне кеңей-
тілген ақпараттық-өлшеуіш жүйесі, электроқозғалтқыштар мен
басқарудың микропроцессорлы жүйесіне арналған электронды
күштік түрлендіргіштер жатады, оларды қозғалыстың интеллек-
туалды мехатронды модулі деп атайды. Ары қарай, қозғалыстың
интеллектуалды мехатронды модулін қарастырамыз, яғни оларды
қозғалыстың электромехатронды модульі (ҚЭММ) деп атайды.

⇐ МАЗМҰНЫ  136
   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141