Page 21 - indexf
P. 21

принциптерін қосады. Осындай жүйе тұйықталған контурмен қатар
қозу әсерінің компенсациялатын тізбегінен тұрады (1.8-сурет).

           1.8-сурет. Аралас жүйе

    Бұл жүйенің басқарылуы салдар емес себеп бойынша орында-
лады, сондықтан БЖ f қозуына абсолютті инварианттылығына же-
туіне мүмкіндік береді.

    Соңғы уақытта автоматты басқару теориясының дамуымен
байланысты өзін-өзі реттейтін бейімді автоматты басқару жүйесі
(АБЖ) пайда болды. Бейімді АБЖ БН қасиеттеріне және сыртқы
шарттарының өзгерісіне автоматты түрде бейімделеді ол АБЖ
көрсеткіштері мен құрылымын өзгерту жолымен басқарудың қа-
жетті сапасын қамтамасыз ете алады. Осы жүйенің ерекшелігі БН
қасиетінің өзгерісі туралы ақпараттарды ағымдағы идентификация
жолымен алуда болады. Идентификация кезінде неше түрлі ақ-
параттар арқылы және БН бақылау негізінде АБЖ математикалық
моделі құрылады және айқындалады. Кейбір жағдайларда басқару
нысаны туралы мәліметтер аз болады. Мысалы, басқарылатын
ғарыштық зымыранның көрсеткіштері биіктіктің өзгеруімен болатын
аэродинамикалық күштің, пішінінің, салмағының өзгеруінен
кең ауқымда өзгеріске түседі. Соған қарамай бейімді басқару
зымыранның ұшуына қойылған мақсаттарға жетуін толығымен
қамтамасыз етеді.

⇐ МАЗМҰНЫ  21
   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26